02.12.2018, 14:18 5365

VIII Азаматтық форум алаӊында халықтыӊ табысын жақсарту, экономикалық өсу мен экологиялық жағдайды жақсарту міндеті талқыланды

Вице-министрдіӊ айтуынша, 2030 жылға дейінгі тұрақты даму саласындағы күн тәртібі - жаһандық бағдарлама, оныӊ табысты іске асырылуы үшін барлық қоғамныӊ, оныӊ ішінде, үкіметтік емес сектордыӊ да бірігуі маӊызды.

Астана. 2 желтоқсан. Kazakhstan Today - 2018 жылғы 27 қарашада Астана қаласында VIII Азаматтық форум шеӊберінде "Өркендеу" тұрақты даму мақсаты бағыты бойынша секциялық отырыс өткізілді.

Министрлік, Қазақстандағы БҰҰДБ, ҚР Президенті жанындағы Ийелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, Қазақстандағы АДБ, CSI "Стратегиялық бастамалар орталығы, "Астана" халықаралық ғылыми кешенініӊ бәсекеге қабілеттілік орталығы, "Сарапшылардыӊ инклюзивтік қоғамдастығы - Қалаға құқық" РМҚБ, Қазақстандағы Дүниежүзілік банк өкілдері спикер ретінде қатысты.

Іс-шараға қатысушылар экономикалық өсу, индустрияландыру, инновациялар енгізу, табыс теӊсіздігін төмендету, лайықты жұмыспен қамтамасыз ету, сондай-ақ "ӨРКЕНДЕУ" бағыты бойынша қалалар мен елді мекендердіӊ орнықтылығы секілді өзекті мәселелерді талқылады.

ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Мәдина Жүнісбекова сессияны аша келіп, Біріккен Ұлттар Ұйымыныӊ қызметі мен БҰҰ Тұрақты даму мақсаты халықаралық әріптестікті нығайтып, экономикалық және әлеуметтік өсімніӊ, болашақ ұрпақтыӊ жайлы өмірініӊ берік негізін құратынын атап өтті.

"Қазақстанныӊ алдына да осындай міндеттер қойылған. Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, біздіӊ стратегиялық және бағдарламалық құжаттарымыз толықтай ТДМ-мен үндес. Күн тәртібінде халықтыӊ әл-ауқатын арттыру, экономикалық өсу және экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі кешенді міндеттер тұр", - деді Мәдина Жүнісбекова.

Вице-министрдіӊ айтуынша, 2030 жылға дейінгі тұрақты даму саласындағы күн тәртібі - жаһандық бағдарлама, оныӊ табысты іске асырылуы үшін барлық қоғамныӊ, оныӊ ішінде, үкіметтік емес сектордыӊ да бірігуі маӊызды.

Мәдина Жүнісбекова бүгінде үкіметтік емес ұйымдар Қазақстандағы азаматтық қоғамныӊ анағұрлым дамыған институтыныӊ бірі ғана емес, сонымен бірге мемлекеттіӊ сенімді әріптесі де болып табылатынын атап көрсетті. Өйткені олар түрлі экономикалық және әлеуметтік проблемаларды шешуге қомақты үлес қосуда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны