12.02.2014, 18:47 7974

Webometrics рейтингісі бойынша Еуразия ұлттық университеті қазақстандық ЖОО-ның үздігі атанды

ЕҰУ хабарлағандай, Webometrics рейтингісі университет жариялайтын веб-беттердiң көлемімен, (көрнекiлiк) және әсерімен (тиiмдiлiк) өлшенедi, университеттегі ғаламтор желісіндегі ғылыми жарияланымдар, әр ЖОО ғалымдарының зерттеу еңбектері, оларға жасалған сілтеме ескеріліп, басты нысанаға ЖОО-ның ғылыми-зерттеу әлеуеті алынады.

Алматы. 12 ақпан. Kazakhstan today. 11 ақпан күні кешке қарай Кибернетика лабораториясы (Cybermetics Lab) Испания Ұлттық Зерттеу кеңесiнiң ақпарат және құжаттама орталығының ресми веб-ресурсында Webometrics білім беру сайттарының рейтингісінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Қазақстан бойынша алғашқы орынды иеленіп, дүниежүзі бойынша 2 213 орынға табан тірегені және Азия бойынша 729-шы орынға ие болғандығы белгілі болды.

ЕҰУ-де хабарлағандай, Webometrics рейтингісі университет жариялайтын веб-беттердiң көлемімен, (көрнекiлiк) және әсерімен (тиiмдiлiк) өлшенедi, университеттегі ғаламтор желісіндегі ғылыми жарияланымдар, әр ЖОО ғалымдарының зерттеу еңбектері, оларға жасалған сілтеме ескеріліп, басты нысанаға ЖОО-ның ғылыми-зерттеу әлеуеті алынады. Нәтижесінде ЕҰУ отандық 116 ЖОО арасынан Қазақстан бойынша Webometrics рейтингісіне сәйкес бірінші орынға және бүкіл әлем бойынша 22 000 ЖОО мен білім беру ұйымдары арасынан 2 213-ші орынға тұрақтады. Республикамыз бойынша екінші орында - Ил-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (әлемдік рейтинг бойынша 3 760 орын), Қазақстан бойынша үшінші орында - С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті (әлемдік рейтингіде 4 017 орын).

Webometrics рейтингісінде сайттарды бағалаудың екінші маңызды критерийі - ғаламтор желісінде ұсынылған ғылыми мақалалар, ЖОО ғалымдарының зерттеулері мен олардың дәйексөз кқрсеткішінің болуы.

Бүгінде "еуразиялықтардың" электрондық ғылыми мақалаларға ашық қолжетіміділік мүмкіндігімен қамтамасыз ететін Еуразия ұлттық университетінің репозиторий қорында 10 000-нан астам материалдар бар. Бұл ретте Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ қазақстандық ЖОО арасында алғаш болып шетелдегідей мақалаларға еркін қолжетімділік мүмкіндігін тәжірибеде қолданып келеді.

Айта кетейік, бұл оқу ордасының 2014 жылы иеленген бірінші әлемдік рейтингісі. "QS Top 50 Under 50" рейтингі бойынша 32-ші орынды иемденген еді, ол көрсеткішке әлемнің ең көне оқу орындары енген болатын.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны