14.08.2019, 15:33 29808

Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов Ресей Федерациясының Алматыдағы Бас консулы Евгений Бобровпен кездесті

"Мен облыстың ақпараттандырудағы жетістіктеріне, әсіресе өңірлік ахуалдық орталыққа таң қалдым. 500-ге жуық қызылордалық түлек Ресей Федерациясының ең үздік ЖОО-да білім алуда. Жалпы біздің әңгіме достық сипатта өтті", - деп атап өтті Евгений Бобров.

Қызылорда.14 тамыз. Kazakhstan Today - Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов Ресей Федерациясының Алматыдағы Бас консулы Евгений Бобровпен кездесті. Кездесу барысында Қуанышбек Ысқақов пен Евгений Бобров экономиканың түрлі салаларындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.

"Менің өңірге сапарымның мақсаты, ең алдымен, облыстың жаңа әкімімен танысу және одан әрі ынтымақтастық жөніндегі жоспарларды бекіту болды. Біз Қызылорда облысымен түрлі салаларда, оның ішінде халықаралық деңгейде "Байқоңыр" ғарыш айлағында бірлескен жобалар бойынша жұмыс істейміз. Сонымен қатар, қосымша бірлескен жобалар құру, ауыл шаруашылығы мен инфрақұрылым саласындағы ынтымақтастық туралы әңгіме болды", - деп атап өтті Евгений Бобров.

Бас консулдың айтуынша, Қызылорда облысы оған жақсы әсер қалдырған. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Евгений Бобров өңірге сәуір айында келген болатын.

"Мен облыстың ақпараттандырудағы жетістіктеріне, әсіресе өңірлік ахуалдық орталыққа таң қалдым. 500-ге жуық қызылордалық түлек Ресей Федерациясының ең үздік ЖОО-да білім алуда. Жалпы біздің әңгіме достық сипатта өтті", - деп атап өтті Евгений Бобров.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны