17.07.2019, 12:12 11551

Заңсыз айналымнан 3 мың бірліктен астам қару алынды

Оның ішінде ағымдағы жылдың сәуір айынан бері жүргізіліп жатқан қаруды қайтарусыз тапсыру акциялары шеңберінде азаматтардан 1973 бірлік атыс қаруы сатып алынды.

Нұр-Сұлтан. 17 шілде. Kazakhstan Today - Атыс қаруын пайдаланумен жасалатын қылмыстарға қарсы іс-қимыл мақсатында Ішкі істер министрі Ерлан Тургумбаевтың тапсырмасы бойынша полиция қызметкерлері қарудың, оқ-дәрілердің елге түсу арнасының жолын кесу және оларды заңсыз айналымнан алу бойынша іс-шараларды жүргізуде.

Жалпы, Қазақстан бойынша 84 мақсатты бағытталған жедел-профилактикалық іс-шара (41 "ҚАРУ" ЖПІШ және 45 "Құқықтық тәртіп" ЖПІШ) өткізілді, оның барысында заңсыз айналымнан 3277 бірлік қару тәркіленді.

Оның ішінде ағымдағы жылдың сәуір айынан бері жүргізіліп жатқан қаруды қайтарусыз тапсыру акциялары шеңберінде азаматтардан 1973 бірлік атыс қаруы сатып алынды.

Жыл басынан бері атыс қаруының заңсыз айналымымен байланысты қылмыстар бойынша 844 қылмыстық іс қозғалды.

Криминалдық полиция бөліністері арнайы іс-шаралар жүргізу кезінде

53 бірлік қысқа ұңғылы атыс қаруын, автомат, 12 ойық карабин, 157 тегіс ұңғылы қару, 60 шолақ мылтық, сондай-ақ оқ-дәрілер алды.

Мәселен, наурызда Полиция департаменттері мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері Шығыс Қазақстан облысында сот сарапшысын ұстады, оны тінту барысында 18 жарылғыш құралдар, "ТОЗ" винтовкасы, 3 мыңнан артық патрондар, 3 шолақ мылтық, 3 тапанша, сондай-ақ жарылғыш қондырғылар мен атыс қаруының 232 бөлшектері алынды.

Жасырын прокси серверлерді интернет желісінде, сондай-ақ криптовалютаны және "Kiwi" әмиянды пайдаланумен қару мен оқ-дәрілерді сатуды мониторингілеу кезінде полиция қызметкерлері қару мен оқ-дәрілер сататын 34 шетелдік интернет-ресурсты анықтады, олардың жартысы блокталды, басқалары бойынша жұмыс жалғасуда.

Аталған ресурстардың басым бөлігі "Вконтакте" әлеуметтік желісінде және хабарландырулар сайтында, жартысы жабық желілерде анықталды. Бұл бағытта жұмыс жалғасуда.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны