02.10.2023, 13:44 23136

Заңсыз иемденілген активтерді қайтару бойынша компания қалай жұмыс істемек

Заңсыз иемденілген активтерді қайтару бойынша компания қалай жұмыс істемек
Сурет: gov.kz
ҚР Қаржы министрлігінде "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Заңды іске асыру бойынша жұмыс қалай жүргізіліп жатқандығы айтылды.

Қаржы министрлігінің мәлімдеуінше "Қайтарылған активтерді басқару компаниясы" ЖШС құру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Оның міндеттері:

- мемлекетке қайтарылған активтерді оның атынан меншігіне қабылдау;

- мемлекет кірісіне айналдырылған активтердің сақталуын және ұсталуын қамтамасыз ету,

- активтерге билік ету,

- активтерді өткізуден түскен қаражатты Арнаулы мемлекеттік қорға аударуды қамтамасыз ету болып табылады.

Басқарушы компания өз қаражаты бойынша және басқарушы компанияның мүлкінің құрамына қабылданған активтер бойынша бухгалтерлік есепке алуды жүргізеді және бөлек қаржылық есептілікті ұсынады. Сондай-ақ оның мүлкінің құрамына түскен активтер туралы ақпаратты тізілімнің веб-порталында орналастыруға тиіс", деп мәлім етті министрліктің баспасөз қызметінен.  


Активтерді басқарудың келесі әдістері қарастырылған:

1) мүліктік жалдау (жалға алу/кейіннен сатып алу құқығымен жалға алу);

2) сенімгерлік басқаруға беру (кейіннен сатып алу құқығынсыз және құқығымен);

3) консервация;

4) іске асыру;

5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысымен бекітілген Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидаларында көзделген тәртіппен активтерді мемлекеттік меншікке беру;

6) басқарушы компания айқындайтын, Қазақстан Республикасының заңнамасында және актив орналасқан елдің заңнамасында көзделген өзге де тәсілдер.

Активтерді басқарудың түпкі мақсаты-оларды іске асыру.

Активтерді сатудан түскен ақша, ақшаның түсімдері мен Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық жобаларын, сондай-ақ активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органның шығыстарын қаржыландыру мақсатында жұмсалуын есепке алу үшін Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес ҚР ҚМ-де ашылған қолма-қол ақшаны бақылау шоты болып табылатын Арнайы мемлекеттік қорға жіберілетін болады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны