20.04.2015, 20:20 3577

Зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша Заӊ жобасы Мәжілісте таныстырылды

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С. Жақыпова Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заӊыныӊ жобасымен (бұдан әрі - Заӊ жобасы) таныстырды

Астана. 20 сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С. Жақыпова Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заӊыныӊ жобасымен (бұдан әрі - Заӊ жобасы) таныстырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

С. Жақыпованыӊ айтуы бойынша басты тұжырымдамалық өзгеріс қолданыстағы жинақтаушы жүйені еӊбекақы қорыныӊ 5 %-ы мөлшерінде жұмыс берушілердіӊ жарналары есебінен қалыптастырылатын жаӊа шартты-жинақтаушы құрамдауышпен толықтыру және базалық зейнетақы тағайындау тәртібін өзгерту болып табылады.

Осылайша, ұсынылған Заӊ жобасын іске асыру нәтижелері бойынша азаматтардыӊ зейнетақы төлемдері үш құрамдауыштан тұрады.

1. Республикалық бюджет қаражаты есебінен төленетін базалық зейнетақы. Бұл ретте, базалық зейнетақы төлемін тағайындау тәртібін өзгерту бір жағынан кедейлікті қысқартуға, екінші жағынан азаматтардыӊ зейнетақы жүйесіне қатысуын ынталандыруға бағытталған.

Базалық зейнетақы 2017 жылғы 1 шілдеден бастап жүйеге қатысу өтіліне байланысты азаматтар жалпы белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткенде ғана тағайындалатын болады.

Базалық зейнетақыныӊ мөлшері зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жылды құраса және одан аз болса, еӊ төмен күнкөріс деӊгейініӊ 50 %-ына теӊ болады, оныӊ мөлшері әрбір толық жыл үшін 2 %-ға арттырылып отырады, ал қатысу өтілі 35 жыл болса - еӊ төмен күнкөріс деӊгейіне теӊ болады.

2. Жұмыс берушілердіӊ жарналары есебінен қалыптастырылатын шартты-жинақтаушы зейнетақы.

Жұмыс берушініӊ 5 % мөлшеріндегі жарналары Бірыӊғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (бұдан әрі - БЖЗҚ) қызметкердіӊ шартты зейнетақы шотына есептеледі.

Қызметкер зейнеткерлікке шыққан кезде оныӊ зейнетақысыныӊ шартты-жинақтаушы бөлігініӊ мөлшері шартты жинақтарды күтілетін орташа өмір сүру ұзақытығына бөлу жолымен айқындалады.

Зейнетақыныӊ бұл бөлігі өмір бойы төленеді және мұраға қалдырылмайды.

3. Қызметкердіӊ жеке жарналары есебінен 10 % мөлшерінде қалыптастырылатын жинақтаушы бөлік.

Бұдан басқа, Заӊ жобасында жинақтаушы зейнетақы жүйесініӊ параметрлерін жетілдіруге, халықтыӊ жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамтылуын кеӊейтуге, әлеуетті құрылымдардыӊ қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыруды реформалауға бағытталған бірқатар шаралар көзделуде.

Тұтастай алғанда, ұсынылып отырған өзгерістер 2030 жылға дейін зейнетақыныӊ экономика бойынша (алмастыру коэффициенті) орташа айлық жалақыға арақатынасын 40 %-дан кем болмайтын деӊгейде қамтамасыз етуге (ЭЫДҰ елдерініӊ стандарты 40 %-дан 60 %-ға дейін) мүмкіндік береді.

Заӊ жобасы қабылданған жағдайда құқықтық және әлеуметтік-экономикалық теріс салдары болжанбайды.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны