23.06.2014, 22:03 2738

"Зенит-М" ұшыру кешені 2015 жылы Қазақстанға қайтарылады - Т.Мұсабаев

"Зенит-М" кешенін Ресей Федерациясының жалға алу құрамынан шығарып, қазақстандық тарапқа тапсыру 2015 жылдың қаңтар айына көзделген, деп Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев мәлім етті.

Алматы. 23 маусым. Kazakhstan today. "Зенит-М" кешенін Ресей Федерациясының жалға алу құрамынан шығарып, қазақстандық тарапқа тапсыру 2015 жылдың қаңтар айына көзделген, деп Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев мәлім етті.

"Қазіргі таңда Бәйтерек жобасын қолданыстағы "Зенит" зымыран тасығыштың базасында жүзеге асыру жоспарлануда. Оның мақсаты "Протон" зымыран тасығышты біртіндеп алмастыру", - деді Т. Мұсабаев.

Аталмыш жобаны 2012 жылы Қазақстан мен Ресейдің Президенттері мақұлдады. "Жоба Қазақстанның ұлттық мүддесі үшін стратегиялық маңызы зор. Бүгінде ол Байқоңыр ғарыш айлағын сақтап қалатын жалғыз бірегей жол және оны біртіндеп Қазақстан иелігіне өткізуде маңызды", - деп Қазғарыш басшысы толықтырды.

"Бүгінгі таңда Ресей Федерациясының жалға алу құрамынан алынатын "Зенит-М" ғарыш зымыран кешенінің нысандар тізімі бекітілді. "Бәйтерек" кешенін іске қосу үшін қажет РФ нормативті-техникалық және ұйымдастыру-бөлу құжаттары да анықталды. "Зенит-СМ" кешенін Ресей Федерациясы құрамынан шығарып қазақстандық тарапқа тапсыру 2015 жылдың қаңтар айына көзделген", - деп ол атап өтті.

Сонымен қатар, ағымдағы желтоқсан айының соңына дейін қазақстандық ұйымның 49 қызметкерлерін "Зенит" кешенінің жүйесі мен агрегаттарын пайдалану бойынша оқыту жұмыстарын аяқтау жоспарланған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны