16.04.2010, 18:48 3281

Ж.Кәрібжанов президентке өзінің Қырғызстанға сапарының қорытындысы туралы баяндады

"Қырғызстанның уақытша үкіметі конституция негізінде жұмыс істеп, қолданыстағы заңдарды сақтап, елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуды қамтамасыз етуі қажет. Соның негізінде халықтың өмір сүру деңгейін көтеру қамтамасыз етіледі", - деді Ж.Кәрібжанов.

Астана. 16 сәуір. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасының арнаулы өкілі Жәнібек Кәрібжановты қабылдады.

Ж.Кәрібжанов президентке өзінің Қырғызстанға сапарының қорытындысы туралы баяндады. ЕҚЫҰ-ның миссиясы орын алған қақтығыстардың одан әрі өрбуіне жол бермеу, тұрақтылықты қамтамасыз ету және осы елдегі саяси жағдайдың ушығуы жағдайында адам құқықтарын сақтау болды.

"Қырғызстанның уақытша үкіметі конституция негізінде жұмыс істеп, қолданыстағы заңдарды сақтап, елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуды қамтамасыз етуі қажет. Соның негізінде халықтың өмір сүру деңгейін көтеру қамтамасыз етіледі", - деді Ж.Кәрібжанов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны