06.05.2014, 22:54 6279

Жаһандану жағдайында көлік-логистикалық кешен аймақтың экономикалық өсімінің драйверіне айналуы қажет - Н. Назарбаев

Бүгін Астанада ТМД мемлекеттері, Иран, Финляндия және Болгария елдерінің теміржол көлігі бойынша Кеңесінің 60-шы отырысының салтанатты ашылуы барысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың форумға қатысушыларға арнаған құттықтау сөзін оқыды, деп www.primeminister.kz хабарлады.

Алматы. 6 мамыр. Kazakhstan today. Бүгін Астанада ТМД мемлекеттері, Иран, Финляндия және Болгария елдерінің теміржол көлігі бойынша Кеңесінің 60-шы отырысының салтанатты ашылуы барысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың форумға қатысушыларға арнаған құттықтау сөзін оқыды, деп www.primeminister.kz хабарлады.

"ТМД мен Балтық жағалауы елдерін байланыстыратын теміржол көлігі бойынша Кеңестің 60-шы мерекелік отырысының Қазақстанда өтуі біздің елдеріміздің ортақ теміржол кеңістігін дамытудағы айтулы оқиға. Кеңес жұмысының арқасында аймақ елдерінің интеграциялық байланыстарын дамытудың іргетасын қалау мүмкін болды",-делінген Мемлекет басшысының құттықтауында.

"Еуроодақ пен Азиялық-Тынық мұхиты аймағы арасында орналасқан, біз Шығыс пен Батыс, Еуропа мен Азия арасындағы геоэкономикалық көпір ретіндегі табиғи бәсекелестік артықшылығына иеміз. Жаһандану жағдайында көлік-логистикалық кешен аймақтың экономикалық өсімінің драйверіне айналуы және ол әлемдік көлік инфрақұрылымына интеграциялануы тиіс",-деп атап көрсетілген Президенттің құттықтау сөзінде.

Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, Қазақстан бүгінде еуроазиялық көлік кеңістігін дамытуға елеулі үлес қосады.Шығыс-Батыс және Солтүстік-Оңтүстік бағыттарындағы біздің еліміздің аймақтық дамуы мен өндірістік күштерінің орналастырылуы есепке алынған халықаралық дәліздерді ықшамдайтын жаңа теміржол желілері салынды және салынуда.

Құттықтау сөзінің соңында Н.Назарбаев отырысқа қатысушылардың жұмыстарына жеміс, темір жол саласын дамыту мәселелері бойынша сындарлы пікір алмасу тілеп, Кеңестің мерекелік отырысы жұмысының халықаралық көлік-логистикалық жүйесін дамытуға жаңа серпін беретініне сенім білдірді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны