28.12.2012, 13:10 7190

Жақын күндері "электрондық үкіметтің" мобильдік қосымшасы іске қосылады

Көлік және коммуникация министрлігі жақын күндері "электрондық үкіметтің" (e-gov) мобильдік қосымшасын іске қосуды жоспарлап отыр, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Астана. 27-желтоқсан. Kazakhstan Today - Жақын күндері "электрондық үкіметтің" мобильдік қосымшасы іске қосылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Көлік және коммуникация министрлігі жақын күндері "электрондық үкіметтің" (e-gov) мобильдік қосымшасын іске қосуды жоспарлап отыр, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

"Жақын күндері "электрондық үкіметтің" мобильдік қосымшасы ресми түрде іске қосылады. Осының арқасында мобильдік құрылғылардың көмегімен салық, айыппұл, коммуналдық қызметтердің төлемақысын төлеуге және балаларды балабақша кезегіне тіркеу мүмкін болады", - делінген ведомство хабарламасында.

Қосымша әлеуметтік маңызды қызметтердің, лицензиялар мен рұқсатнама құжаттардың 60% электрондық форматқа ауыстыру жөніндегі іс-шаралардың аясында іске асырылуда.

Министрліктің ақпараты бойынша, бүгінгі таңда 22 әлеуметтік маңызды қызмет (60%) электрондық нұсқаға көшірілді. Барлық әлеуметтік маңызды қызметтерді ұсынудың бизнес - үдерістерін оңтайландыру нәтижесінде, оларды көрсету үшін халықтан талап етілетін қағаз құжаттардың көшірмелері мен төлнұсқаларының 96 пайызы қысқартылады. Бір сөзбен айтқанда, әлеуметтік маңызды мемлекеттік қызметтерді алу үшін жыл сайын 42 млн қағаз құжат тапсырудың қажеті болмайды.

Мысалы, жеке кәсіпкерлікті (ЖК) тіркеу үшін бүгінгі күні жеке куәліктің, "үй кітабының" көшірмесін, салықтық өтінімді, төлем жасалғаны туралы түбіртік пен жеке суретіңізді тапсыру қажет болса, 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап, электрондық үкіметтің порталында ЖК тіркеу туралы өтінімді толтырып, сол жерде мемлекеттік баж салығын төлеп, жеке суретіңізді бекітіп жіберсеңіз болғаны. Бизнес-үдерістерді оңтайландыру қорытындысында жеке кәсіпкерлікті бір күннің ішінде тіркеу мүмкін болып отыр.

"Жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеу (салынған ауыртпалықтар)" қызметін автоматтандыру және оңтайландыру нәтижесінде, жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу үшін ХҚКО-на барудың қажеті жоқ, бұл істі нотариуста келісім шарт жасасу барысында-ақ, жүзеге асыруға болады.

Айта кету керек, қызметтерді көрсету мерзімі мен талап етілетін құжаттар санын қысқарту мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін "Жеке тұлғалар" (ЖТ МДҚ), "Е-нотариат", "Жылжымайтын мүлік тіркелімі"(ЖМТ МДҚ), "Е-лицензиялау", "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесі (МТ АЖ) және т.б. деректер қорымен ықпалдастыру нәтижесінде мүмкін болып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 1 тамызынан бастап лицензиялар электрондық нұсқада беріле бастағандығын қосымша айтып кеткен жөн. Осымен бірге 87 рұқсат құжаттарын автоматтандыру жұмысы жүргізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны