02.02.2018, 14:24 8243

Жақын уақытта Қазақстанда вирустық гепатиттерді емдеуге арналған инновациялық дәрілер пайда болады

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен БҰҰ Даму бағдарламасы арасында қол қойылған келісімніӊ арқасында қазақстандықтар пациенттер үшін вирустық гепатиттерді Софосбувир және Даклатасвир инновациялық препараттарымен еӊ заманауи емдеу қолжетімді болмақ

Астана. 2 ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен БҰҰ Даму бағдарламасы арасында қол қойылған келісімніӊ арқасында қазақстандықтар пациенттер үшін вирустық гепатиттерді Софосбувир және Даклатасвир инновациялық препараттарымен еӊ заманауи емдеу қолжетімді болмақ. Келісімге қол қою салтанатына ҚР-дағы БҰҰДБ тұрақты үйлестірушісі Норимаса Шимомура мен ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қатысты. Мемлекет басшысыныӊ Жолдауы шеӊберінде Министрлік халықты С вирустық гепатитін қоса алғанда, әлеуметтік маӊызы бар ауруларды емдеуге арналған дәрілік заттармен қамтамасыз етуге айрықша назар аударуда.

2018 жылдан бастап Министрлік және Дәрі-дәрмектерді сатып алу жөніндегі Бірыӊғай дистрибьютор "СҚ-Фармация" БҰҰДБ қолдауымен вирустық гепатиттерді емдеуге үшін вирусқа қарсы еӊ заманауи препараттарды жеткізуді бастайды. Дәрілік заттар қазақстандық пациенттерге тегін берілетін болады.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтыӊ айтуы бойынша, препараттарды БҰҰ Даму бағдарламасы арқылы сатып алу мүмкіндігі қазақстандықтарға вирустық гепатиттерді емдеудіӊ еӊ заманауи және қазіргі күндегі еӊ тиімді, жанама әсерлері жоқ дерлік, көп жағдайда ағзада вирустыӊ болуынан түпкілікті арылуға мүмкіндік беретін еміне жол ашады.

Шарт шеӊберінде1,5 млрд. теӊгесомасындадәрісатыпалужоспарланыпотыр. Салтанатты шара барысында Елжан Біртанов: "Препарат ДДСҰ еӊ маӊызды дәрілік заттар тізіміне енгізілген. БҰҰ Даму бағдарламасыныӊ қолдауы арқасында біз вирустық гепатиттердіӊ заманауи емімен қазақстандықтарды барынша қамти аламыз",-деді.

"БҰҰДБ мандатыныӊ мәнісі - өмір бойына адам әлеуетін арттыру. Біз тұрғындардыӊ қазіргі заманғы медициналық қызметтер мен дәрілік заттарға кеӊінен қолы жетпей толыққанды әрі белсенді өмір сүру мүмкін емес деп білеміз. Осыған орай, біз бұл бастаманы іске асыру тек С гепатитіне шалдығу деӊгейін төмендетуге жағдай жасап қана қоймай, мыӊдаған қазақстандық пен олардыӊ отбасыларыныӊ өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік береді деп үміттенеміз",- деді ҚР-дағы БҰҰДБ тұрақты үйлестірушісі Норимаса Шимомура салтанатты шара барысында.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны