02.02.2018, 14:06 8252

Жалданып жұмыс істейтіндердіӊ 88,6%-ы қәсіпорындарда жұмыспен қамтылған

Сонымен қатар 6,5 млн. адамныӊ жоғары және орта кәсіптік (арнаулы) білімі бар, бұл жұмыспен қамтылған халықтыӊ 75,7% құрайды. Ерлермен салыстырғандағы жоғары және орта кәсіптік білімі бар жұмыспен қамтылған әйелдердіӊ үлесі жоғары.

Астана. 2 ақпан. Kazakhstan Today - Британияныӊ Legatum Institute сарапшылары 2017 жылы әлемдегі өркендеуші мемлекеттердіӊ Prosperity Index рейтингін жариялады. Қазақстан бұл тізімде 2016 жылғы көрсеткішті жақсартып, 82-орынан 72-орынға көтерілген. Бұл рейтингті сарапшылар қауіпсіздік, жеке бас еркіндігі, денсаулық сақтау, білім, кәсіпкерлік мүмкіндіктері, экономика, әлеуметтік әл-ауқат пен басқару белгілерініӊ бағасына қарай дайындайды.

Жарияланған мәліметтерге сүйенсек, Қазақстан білім беру бойынша 35-орында, ал экономиканыӊ даму көрсеткішімен 46-орынды алған, іскерлік орта - 53. Ал жеке бас бостандығы - 128, басқару - 99 және қоршаған орта 95-орынға тұрақтаған.

Орта Азия елдерініӊ ішінде Қазақстан алда. Одан кейін Қырғызстан, Тәжікстан бар. Ресей мен Қытай 101, 90-орындарда тұр. Ал бұл рейтингтіӊ алғашқы үштігін Норвегия, Жаӊа Зеландия мен Финляндия еншілеген.

Илемдік рейтингте Қазақстанныӊ экономикалық көрсеткіші - 46-орында. Бұл көрсеткішке жалпы ішкі өнім деӊгейі, жұмыспен қамтылу әсер ететін белгілі. Осыныӊ ішінде жұмыссыздық - мемлекетіміз үшін өзекті мәселеніӊ бірі.

Экономикалық теорияда жұмыссыздықтыӊ 3 түрі қарастырылады:

o Фрикциондық жұмыссыздық - адамдар бір жұмыстан басқа жұмысқа, бір жерден басқа жерге жұмыс іздеумен ауысуын айтамыз.

o Құрылымдық жұмыссыздық - өндірістік қуаттыӊ жетпеуініӊ нәтижесінде болады: жеке саланыӊ дамуыныӊ кері пропорционалды болуынан және ескі саланы жабу мен жаӊа саланы дамытудыӊ нәтижесі ретінде қараймыз.

o Циклдық жұмыссыздық - өндірістіӊ құлдырауынан туындайды, яғни экономикалық циклдыӊ осы фазасымен байланысты.

Мемлекет басшысы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудыӊ жаӊа мүмкіндіктері" Жолдауында "Босайтын жұмыс күшін еӊбекпен қамту үшін келісілген саясатты алдын ала тиянақтау керек" деген тапсырма берді. Сонымен қатар Жолдауда "Адамдарды нәтижелі жұмысқа тарту үшін көбірек мүмкіндік беріп, олардыӊ жеке кәсібін бастауына немесе жаӊа мамандық алып, жұмысқа орналасуына жағдай жасау керек" деп нақты көрсетілген.

Ал елімізде жұмыссыздық деӊгейі, олардыӊ жас ерекшеліктері қандай, қанша азамат тұрақты табыс көзін іздейді деген сынды сауалдардыӊ жауабын нақты сандар береді. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті жүргізген зерттеулер мен есептеуі бойынша, 2017 жылғы III тоқсанда 15 және одан жоғары жастағы жұмыс күшініӊ саны 9,0 млн адам. Республика экономикасында 8,6 млн адам жұмыспен қамтылды немесе 15 және одан жоғары жастағы халықтыӊ 66,4%. Жалдамалы қызметкерлер саны 6,4 млн адамды құрады және 2016 жылғы III тоқсанмен салыстырғанда олардыӊ саны 34,7 мыӊ адамға (0,5%-ға) артты.

Жалданып жұмыс істейтіндердіӊ негізгі үлесі қәсіпорындарда (ұйымдарда) жұмыспен қамтылды - 88,6% (5,7 млн.адам). Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар саны 2,2 млн. адамды құрады. Өз бетінше жұмыспен қамтылғандардыӊ негізгі бөлігі өз қызметін ауыл шаруашылығында (42,4%), сондай-ақ сауда саласында (30,3%), көлік қызметін көрсетуде (9,2%) және құрылыста (7,5%) жүзеге асырды.

Сонымен қатар 6,5 млн. адамныӊ жоғары және орта кәсіптік (арнаулы) білімі бар, бұл жұмыспен қамтылған халықтыӊ 75,7% құрайды. Ерлермен салыстырғандағы жоғары және орта кәсіптік білімі бар жұмыспен қамтылған әйелдердіӊ үлесі жоғары.

2017 жылдыӊ III тоқсанында жұмыссыздар саны (табысты жұмысы болмаған, оны үздіксіз іздеген және оған кірісуге дайын болған 15 және одан жоғары жастағы адамдар) 441 мыӊ адам бар. Жұмыссыздық деӊгейі 4,9% (2016 жылғы III тоқсанда - 4,9%) құрады. 2017 жылдыӊ III тоқсанында ерлердіӊ жұмыссыздар санындағы үлесі - 47,3% (208,7 мыӊ адам), әйелдердіӊ үлесі - 52,7% (232,3 мыӊ адам).

"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жұмыссыздықпен күрес, кәсіпорындарды білікті мамандармен қамтамасыз ету, салалық кәсіпорындарға лайықты маман дайындау, дуальді білім беру, кәсіпкерлік негіздерін оқыту, кәсіпкерлікке баулу мәселесіне аса ден қойып отыр.

"Көші-қон және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі заӊ жобасы аясында Ұлттық палата жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды жұмысқа орналастыруда жеке жұмыспен қамту агенттіктерін тарту бастамасын көтерген еді. Бұл бастама қолдау тапты. Осы мақсатты мемлекет атқаратын және аутсорсинге берілетін қызметтердіӊ тізімі анықталды.

Аутсорсингке жұмыссыз және өзі-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды кәсіби бағдарлау, оларды оқытуды ұйымдастыру және жұмысқа орналастыру қызметтерін беру жоспарланып отыр. Осы мақсатта 2018 жылға 1,5 млрд теӊге бөлінеді деген жоспар бар.

Бүгінде "Атамекен" Ұлттық палатасы жеке меншік жұмыспен қамту агенттіктер арқылы аутсорсинг аясында жеке агенттік қызметініӊ тарифына қатысты ұсынысты дайындап, Еӊбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жолдады.

Мемлекет басшысы Жолдауда "Бірыӊғай электрондық еӊбек биржасын кеӊ ауқымда енгізу қажет. Онда бос жұмыс орындары мен жұмыс іздеушілер туралы барлық ақпарат жинақталуға тиіс" деген міндет жүктелген. Ал жаӊа заӊ жобасында еӊбек нарығыныӊ бірыӊғай ақпараттыӊ базасын қалыптастыратын "Еӊбек биржасы" мемлекеттік интернет-ресурсын заӊмен бекіту қарастырылған. Осыған орай ҚР Үкіметініӊ "2017-2021 жылдары нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту" бағдарламасына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы қаулысыныӊ аясында Ұлттық палата мен министрлік жеке интернет ресурстармен келісілген индикативке (жарияланған түйіндеменіӊ 50%-дан атсамы жұмысқа орналасса) жеткенде enbek.kz сайтыныӊ профильді емес функцияларын нарыққа беру келісімі жасалды.

Сонымен қатар заӊ жобасы аясында жұмыс беруші боасаған жұмыс орны туралы ақпаратты 3 жұмыс күнінде беру нормасын өзгертіп, ақпарат беруді 5 күнге дейін ұзарту ұсынысын ҚР Парламенті Мәжілісі қолдады. Жұмыс беруші жұмыспен қамту орталығына жұмыс орны босаған жағдайда 3 күн ішінде еӊбек шарты мен төлемі туралы ақпарат беруге міндетті еді, енді жаӊа заӊ жобасында бұл мерзім 5 күнге дейін ұзаруы ықтимал.

"Атамекен" ҰКП жұмыспен қамту орталықтарыныӊ аутсорсингі аясында жұмыссыз және өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды жұмысқа орналастыруға ықпал етуге жеке жұмыспен қамту агенттіктерін тарту жұмысын жалғастыруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар барлық деӊгейде әлеуметтік серіктестік жұйесініӊ жұмыс істеуі мен оныӊ тиімділігін қамтамасыз ету, "Atameken services" бір терезе" аясында еӊбек заӊнамасы, әлеуметтік кәсіпкерлік, еӊбекті қорғау және оныӊ қауіпсіздігі бойынша кеӊес беру қызметін көрсетуді қолға алмақ.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны