13.01.2010, 17:01 3045

Жамбыл облысында Алматы облысының тұрғынынан жалпы салмағы 5 килограмм 400 грамм героин тәркіленді

Жамбыл облысында Алматы облысының тұрғынынан жалпы салмағы 5 килограмм 400 грамм героин тәркіленді

Астана. 13 қаңтар. Kazakhstan Today - Жамбыл облысында Алматы облысының 29 жастағы тұрғынынан жалпы салмағы 5 килограмм 400 грамм героин тәркіленді. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"2010 жылғы 9 қаңтарда Көліктегі Оңтүстік-Шығыс ІІД-нің қызметкерлері қызметтік іздестіруші иісшіл иттің көмегімен Жамбыл облысының Мерке станциясында Алматы облысының 29 жастағы тұрғынын ұстады, одан жалпы салмағы 5 килограмм 400 грамм героин тәркіленді. Ұсталған азамат есірткіні тауып алғанын және жеке тұтыну үшін алғанын айтқан. Қазіргі уақытта есірткі құралдарын сатып алу көзі анықталуда",- деді Қ.Жұманов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны