21.02.2007, 13:29 2927

Жамбыл облысында есірткі саудасына қатысы бар деген күдікпен есірткі саудасымен күрес басқармасының қызметкері ұсталды

АСТАНА. 21-ақпан. Kazakhstan Today. Жамбыл облысында есірткіні екінші айналымға салу арнасын ұйымдастырған деген күдікпен облыстық ІІД есірткі саудасымен күрес басқармасының бөлім бастығы ұсталды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне ҚР ҰҚК-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, тәртіп сақшысын ҚР ҰҚК-нің Жамбыл облыстық департаментінің қызметкерлері шұғыл іздестіру шараларының барысында ұстады. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, одан 2 килограмм марихуана тәркіленген.

Бұл дерек бойынша ҰҚКД-нің тергеу бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 259-бабының 4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны