28.05.2010, 11:19 1632

Жамбыл облысында Қырғызстан азаматынан 1,5 килограмм героин тәркіленді

Жамбыл облысында Қырғызстан азаматынан 1,5 килограмм героин тәркіленді

Алматы. 28 мамыр. Kazakhstan Today - Жамбыл облысында Қырғызстан азаматынан 1,5 килограмм героин тәркіленді, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ағымдағы жылдың 27 мамырында "Мерке" өткізу бекетінде шекаралық бақылауды жүзеге асыру барысында шекарашылар жасағы Бішкек - Новокузнецк пойызында Қырғызстан азаматын ұстады, оның қол сөмкесінен 1,5 килограмм героин табылды", - деп хабарлайды ҰҚК баспазөз қызметі.

Қазір ұсталғанға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны