16.04.2007, 18:51 2977

Жамбыл облысында өз отанындағы лаңкестік әрекеті үшін іздеуде жүрген Өзбекстан азаматы құрықталды

ТАРАЗ. 16 - сәуір. Kazakhstan Today. Жамбыл облысында өз отанындағы лаңкестік әрекеті үшін іздеуде жүрген Өзбекстан азаматы құрықталды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Жамбыл облысының ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Өзбекстан азаматын ІІД экстремизммен күрес басқармасы мен криминалдық полиция қызметкерлері Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы ауылдардың бірінен құрықтаған. "Оған 2006 жылдың маусымында Ташкент облысының ішкі істер басқармасы діни, экстремистік, сепаратистік немесе басқа да тыйым салынған ұйымдар құрғаны үшін, оған жетекшілік еткені және қатысқаны үшін іздеу жарияланған",- деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Полицейлердің мәліметтеріне сүйенсек, ұсталғанның үлкен ағасы Жакшибек Биймурзаевті 2005 жылы Жамбыл облысының соты лаңкестік әрекеттер жасағаны үшін және адам өлтіргені үшін кінәлі деп танып, 25 жылға бас бостандығынан айырған болатын. "Сотталған Өзбекстанда 2004 жылдың наурызы мен маусымында Ташкентте болған лаңкестік шараларды дайындауға және жүзеге асыруға қатысы бар деп атайтын "Орталық Азия моджахедтерінің жамаааты" лаңкестік ұйымының, немесе "Ислам джихады" тобының жетекшісі болған",- деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер. Сонымен қатар, полицейлердің ақпараттарына сүйенсек, лаңкестік ұйымдардың құрылымдық буындарының 16 мүшесі түзету мекемелерінде ұзақ мерзімде бас бостандығынан айыру жазаларын өтеуде.

Сондай-ақ, Жамбыл облысының ІІД жыл басынан бері әділет министрлігінде тіркелмеген 19 діни бірлестікті әшкерелеп, есепке алған. "Дін тарату әрекеттерін тіркеуге тұрмай жүзеге асырып келген жеті дерек анықталды",- деп қосты баспасөз қызметіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны