11.11.2018, 22:00 4668

Жамбыл облысыныӊ әкімі Асқар Мырзахметов облыстыӊ әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатына қатысты

Бірінші басымдық- халық табысыныӊ өсуіне қатысты,келер жылдан бастап, бюджеттен жалақы алатын 23424 қызметкер үшін төменгі жалақы өскелі отыр.

Астана. 11 қараша. Kazakhstan Today - Жамбыл облысыныӊ әкімі Асқар Мырзахметов Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігініӊ "Орталық коммуникациялар қызметі" РММ алаӊында облыстыӊ әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатына қатысты. Ол өз сөзінде былай деді:

Қазақстандықтардыӊ әл-ауқатын арттыруға бағытталған Елбасы Жолдауын жамбылдықтар үлкен қызығушылықпен қабылдап отыр.

Алты басымдықты іске асыру бойынша облыста тиісті жұмыстар басталып кетті.

Бірінші басымдық- халық табысыныӊ өсуіне қатысты,келер жылдан бастап, бюджеттен жалақы алатын 23424 қызметкер үшін төменгі жалақы өскелі отыр.

Бизнес өкілдері де бұл шешімді қолдау үшін әрбір кәсіпорын басшыларымен кездесулер өткізіліп, жұмыс жүргізілуде. Бүгінде облыстағы белгілі кәсіпорындар ("Жамбылгипс" АҚ, "TMЗ" ЖШС, "ЖЗМК Имсталькон" ЖШС, "ТаразКожОбувь" ЖШС және "Жамбыл Цемент Өндiрiсiтік компания" ЖШС, Завод "Металконструкций и резервуаров" ЖШС, "Алтыналмас"АҚ)бұл шешімді қолдап,9 мыӊқызметкердіӊ еӊбек ақысын көтергелі отыр. Облыстағы 95 ірі және орта бизнес субъектілерімен жыл соӊына дейін келіссөздер жүргізіліп бітеді.

o "Бизнестіӊ жол картасы" бағдарламасыныӊ мерзімі 2025 жылға дейін ұзартылуын ескере отырып, келесі жылға жоспарланған 1,2 млрд.теӊге, кемінде 2 есеге ұлғайтылғалы жатыр.

o Биыл шағын несие беру үшін жергілікті бюджеттен қосымша 1,0 млрд.теӊге бөлініп, жалпы сома 6,3 млрд.теӊгеге жетті. Келесі жылы бұл қаржыныӊ көлемін 7,5 - 8,0 млрд.теӊгеге дейін көтеруді жоспарлап отырмыз.

o Өӊірімізде "қолма-қол ақшасыз экономикаға" көшудіӊ қадамдарын байқауға болады. Мәселен, соӊғы 5 жылда пластикалық карточка ұстаушылар саны 2 есе артып отыр.

Бүгінде 2343 POS-терминал, 379 банкомат, 732 төлем терминалдары мен банктік киоскілер жұмыс істеп, 1085 сауда(4,8%)орнында кассалық операциялар электронды түрде жүзеге асырылуда. (барлығы 22574 сауда орны)

Жолдаудыӊ міндетін орындау үшін жұмыстардыӊ келесі жылға нақты индикаторлар айқындалуда.

o "Қарапайым заттар экономикасын" дамыту бойынша жылдыӊ басында қабылданған облыстық кәсіпкерлікті қолдау Картасына өзгерістер енгізілуде.

Бүгінгі таӊда бір (Иулие-Ата Феникс) кәсіпорнында құс етін қайта өӊдеудіӊ жаӊа технологиялық желісі(жылдық қуаттылығы 800 тонна)және Меркі шағын мұнай өндеу зауытын (Са-Ба ЛТД) қайта жаӊарту жобасы іске қосылды,жыл соӊына дейін тағы 5 жоба іске қосылады.

Іске асырылатын жобалардыӊ ішінде экспортқа бағытталған Казфосфаттыӊ аммофос өндірісініӊ көлемін көбейту жобасын атап өтуге болады.(2018 жыл 9 айында 24,4 млрд.теӊгеге 125,1 мыӊ тонна өнім өндірілген, 8 айда экспорт көлемі - 1,2 мыӊ тонна - 117,7 млн.теӊге)

Шикізаттық емес секторда жобаларды іске асыру үшін "Инвесторларға қызмет көрсету орталығыныӊ" жұмысы қайта қаралып, күшейтілді. Ағылшын, қытай, түрік, корей тілдерін білетін жастар жұмысқа алынды.

Бүгінде бұл салаға салынған инвестициялар 100 млрд.теӊгені құрап, өткен жылдыӊ тиісті кезеӊімен салыстырғанда 13,3%-ға артқан (75,1 млрд.тг.).

Ал, инвестициялардыӊ ай сайын өсуініӊ оӊ үрдісі жеке меншік капиталыныӊ 30%-ға(68,8 млрд. теӊгеден 92,2 млрд. теӊгеге өсуі)өсуімен байланысты.

Қазіргі таӊда облыста шетелдік инвесторлардыӊ қатысуымен құны 1 млрд. АҚШ долларын құрайтын 13 жоба іске асырылуда.

-"Казфосфат" ЖШС аммофос көлемін ұлғайту, 2 кезеӊ;

-Тараз қаласында "KISC" ЖШС құю өндірісін жаӊғырту;

-Мойынқұм ауданында ""Ақсу сүйек" байыту фабрикасын (Ер-Тай" ЖШС) қорғасын-мырыш кендерін қайта өӊдеумен флотациялық-гравитациялық байыту фабрикасынажаӊғырту және қайта жаӊарту;

-Жуалы ауданында битум өндіру зауытыныӊ құрылысы ("ШакпакДорСервис" ЖШС);

-Меркі ауданында "Са Ба ЛТД" ЖШС мұнай өӊдеу зауытын қайта жаӊарту және жаӊғырту;

-Талас ауданындақуаты 4,5 мВт "Wind Electriсity" ЖШС Қаратау ЖЭС құрылысы;

-Талас ауданындақуаты 4,5 мВт "Wind Power city" ЖШС Қаратау ЖЭС құрылысы;

-Жуалы ауданында "Кар-Алма" тау шаӊғы базасы;

-Қордай ауданда "Greenwill" ЖШС аквапоникалық көп деӊгейлі фермасыныӊ құрылысы;

-Тараз қаласында"Джанабекова С.С." ЖК кондитерлік фабрикасыныӊ құрылысы (2-ші кезеӊ);

-Шу ауданындағы "KazirAgro" ЖШС - сафлор майы заутын кеӊейту;

-"Agrostan Feedlot" ЖШС 3000 басқа арналған бордақылау кешенініӊ құрылысы; -"Жаӊа Кемел кұрылыс" ЖШС көкөніс базасыныӊ құрылысы.

o Агроөнеркәсіптіӊ қайта өӊделген өнімініӊ экспортын көбейту мақсатында жыл басынан 2,3 мыӊ тонна ет экспортқа шығарылды. (оныӊ ішінде 1,3 мыӊ тн қозы еті, 0,6 мыӊ тн -сиыр еті). Бұл өткен жылдыӊ көлемінен 3 есеге артық.

Бүгінде, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өӊдейтін 183 кәсіпорын жұмыс істеуде. Бірақ сапалы, тереӊ өӊдеумен айналысатын кәсіпорындардыӊ санын арттыруға қатысты жұмыстар жүргізілуде. Жыл соӊына дейін осындай 4 жоба іске қосылады.

Бұдан бөлек, құны 21,6 млрд.теӊгені құрайтын 9 инвестициялық бастама бекітілді.

Ауыл шаруашылығымен тиімді айналысу үшін үлгілі шаруа қожалықтарыныӊ базасы жасақталды.Онда келесі жылдан бастап арнайы оқыту, таныстыру жүргізілетін болады.

Осы орайда заманауи тұрғыдағы облыстық агроколледж құруды да қолға алдық. Бастамасына биыл 200 млн.теӊге бөлінді

o Сервистік секторларды дамытуды айтатын болсақ,"Батыс Еуропа - Батыс Қытай" автожолдыӊ 500-ге жуық шақырымы облыстыӊ 6 ауданыныӊ үстінен өтеді.Тәулігіне 8 мыӊнан аса көлік өтіп жатыр. Сервистік қызмет сапасын арттыру үшін тиісті талдау жүргізіліп, қосымша жұмыс көлемі анықталды.

Ендігі жерде кәсіпкерлерді тарта отырып, бұл жұмысты атқару міндеті тұр.

Жолдаудыӊ өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру басымдығы бойынша Елбасыныӊ "Бес әлеуметтік бастамасыныӊ" бірінші бағыты (Ирбір отбасына баспана алудыӊ жаӊа мүмкіндіктерін беру) аясында бірқатар жобалар іске асырылуда.

Тараз қаласындағы қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген 462 га жер телімінде жаӊа екі мөлтек аудандарыныӊ құрылысы басталды.

Аталған аудандарда "7-20-25" бағдарламасы аясында ұсынылатын 480 көп қабатты және 969 жеке тұрғын үй құрылыстары басталып, а.ж. 10 көппәтерлі үй (800 пәтер), 2019 жылы - 25 үй (1 380 пәтер) пайдалануға тапсырылатын болады.

Жалпы, Тараз қаласында 686 пәтер бағдарлама аясында азаматтарға ұсыну үшін дайын.

"7-20-25"кредиттеу бағдарламасы аясында әкімдік пен Ұлттық банкініӊ филиалы, бағдарламаға қатысушы банктер арасында бірлескен іс-қимыл жоспары бекітілген.

Облыста бір пәтерге еӊ жоғарғы заем сомасы орта есеппен 12,0 млн. теӊге болса, бір айға төлемақысы 85 мыӊ теӊге, ал еӊ төменгі 5 млн.теӊге несиеге айлық төлемақы 35 мыӊ теӊгені құрайды (10 млн.-71 мыӊ теӊге, 7 млн.-51 мыӊ теӊге).

"Қазақстанныӊ тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" филиалында бүгінде 44648 салымшыдан 10 млрд. теӊге жиналды.

Ипотекалық несиеніӊ алғашқы жарнасыныӊ 30 пайыздан 20 пайызға төмендеуіне байланысты, пәтер алуға мүмкіндігі бар азаматтардыӊ саны 3 есеге артты. (2861 адам немесе барлық салымшылардыӊ 6,4 %).

Жалпы, 10 айда "Қазақстанныӊ тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" филиалы арқылы 5,7млрд. теӊгені құрайтын 768 несие берілді."7-20-25" бағдарламасыныӊ шарттарымен екінші деӊгейлі банктерге жалпы сомасы 284,5 млн. теӊгеге 34 өтініш қолдау тапты(Центркредит банкі). Оныӊ ішінде, 29 азаматқа 247 млн. теӊге несие берілді, оныӊ 7-ін Тараз қаласынан "Бином" ЖШС алған).

Келесі жылға 465 мыӊ шаршы метр тұрғын үй құрылысы жоспарланып отыр. (өсім 8% құрайды-болжамды көрсеткіш).Жоспарда бюджет есебінен 28 көппәтерлі тұрғын үйдіӊ (20 кредиттік үй - 1 380 пәтер, 78 050 м2, 8 арендалық үй - 585 пәтер, 36 319м2)және 6 жаӊа алқаптыӊ инженерлік инфрақұрылымныӊ құрылыстары бар.

Соныӊ ішінде, 20 үйді (1380 пәтер) "7-20-25" бағдарлама аясында тұрғындарға беру көзделіп отыр.

Биылғы жылға 720 пәтерлі 9 кредиттік тұрғын үй құрылысын бастауға бағалы қағаздар есебінен қосымша 725 млн.теӊге бөлінді.

o Сонымен қатар, Президенттіӊ"инфрақұрылым адамдарға" моделінен "адамдар инфрақұрылымға" моделіне көшу жөніндегі ұсынысына сәйкес, халық көшіп кеткен, даму әлеуеті жоқ елді мекендердіӊ статустарын қолданыстағы заӊнамаларға сәйкес қайта қарауымыз қажет. Бүгінде облыста халық саны 50-ден төмен 15 ауыл бар. Алдағы уақытта осы ауылдардыӊ мәселесін шешетін боламыз.

o Елбасы Жолдауында айтылғандай, ішкі өӊірлік жолдарды одан әрі жақсарту үшін 50/50 схемасы бойынша республикалық және облыстық бюджеттен қосымша 2,3млрд.теӊге қаржы бөлінді.

Сол сияқты, осы схема бойынша облыстық және аудандық бюджеттен 4ауданда(Меркі,Шу,Жамбыл,Байзақ)14 жоба іске асырылуда.Бұған 500 шақырым автожолдар мен көшелер салынды, күрделі, орташа жөндеуден өтті. Жыл қорытындысымен жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті жолдардыӊ үлесін 80%-ға жеткізуді межелеп отырмыз.

Бүгінгі күнге, автомобиль жолдарын түгендеу жұмыстары жүргізіліп, заӊға сәйкестендірілуде. Басымдылығына қарай жолдар айқындалып, жүйелі жұмыс атқару үшін межелер бекітілді.

2019 жылға республикалық және облыстық бюджеттерден 50/50 схемасы бойынша қаржыландыру үшін 11 млрд. теӊгеге бюджеттік өтінім берілді (Өтінім алдын-ала қолдау тауып отыр).

Осылайша, 2022 жылға қарай жағдайы жақсы жергілікті жолдар үлесін 90%-ға жеткізуді жоспарлап отырмыз.

o Келесі маӊызды мәселеніӊ бірі - ол иесіз қалған электр желілері мен қондырғылар болатын.

Енді, бұл да шешімін тауып отыр. Ол үшін "Таразтрансэнерго" коммуналдық мекемесініӊ теӊгеріміне алынып, бұл мекемеге қосымша электр қуатын тасымалдау қызметі беріліп отыр.

Бұл шешім, бұдан бөлек тарифті оӊтайландыруға де өз әсерін тигізетін болады.

o Газға қатысты айтсақ, бүгінгі күнге 377 елді мекенніӊ 181-і, немесе 48 пайызы газдандырылған(806 070 адам). Осы елді мекендердіӊ ішінде тұрғындардыӊ 11 пайызы немесе 88 мыӊ адамгаз торабына қосылмаған, себебі, көшеден үйге кіргізу құны қымбат - 150 мыӊ теӊге.

Бұл мәселені шешу үшін "Жамбыл Жылу" коммуналдық мекемесіне арнайы лицензия әперіліп, жұмыстыӊ құнын 82,7 мыӊ теӊгеге дейін төмендеттік.

Ендігі жерде,желтоқсанға дейін 53 мыӊ халық газдандырылады. Қалып отырған 35 мыӊ халыққты қамтамасыз ету үшін ЖҚ әзірленуде.

Ал, газдандырылмаған 173 елді мекен мәселесін шешу мақсатында, 2019 жылдан бастап, үш жылда бөліп қаржыландыру үшін, Энергетика министрлігіне магистралды құбыр құрылысына 43 млрд. 524 млн.теӊге құрайтын 11 жоба дайындалып, бюджеттік өтінім берілді.

Осылайша, Президенттіӊ елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру жөніндегі бастамасы іске асырылуда.

o Ауыз суға келсек, қала тұрғындарын орталықтандырылған сумен қамту көрсеткішін жылдыӊ қорытындысымен 88%-ға жеткізуді көздеп отырмыз. Олүшін Тараз қаласында бірқатар жобалар іске асырылуда.

Қаратау қаласында 138 көпқабатты тұрғын үйлер және 56 әлеуметтік нысандарға су кестемен берілуде.

Жыл аяғына дейін суды тәулігімен беруді жоспарлап отырмыз. Тараз қаласында "Тараз су" мемлекеттік кәсіпорнында автоматтандырылған жүйе іске қосылды.

Бұл қалалар бойынша.

Ауылдық елді мекендерді айтатын болсақ, 373 ауылдық елді мекенніӊ 189-ы (50,7%)орталықтандырылған, 184-і (49,3%)орталықтандырылмаған ауыз сумен қамтылған.

Тасымалданатын 3 ауыл Мойынқұм ауданында орналасқан(Ақсүйек, Ақбакай, Бурыл байтал). Орталықтандырылған су құбыры жоқ 184 ауылдыӊ 50-нде барлығы 7 мыӊ адам тұрады. Тұрғындар аз болғандықтан жаӊа су құбырын салу экономиқалық жағынан тиімсіз. Бұл мәселені су тарату пункттері арқылы шешуді көздеп отырмыз.

Қалған 134 ауылды 2019-2022 жылдары ауыз сумен қамту жоспарланып отыр.

Бұл жерде де, газ сияқты, ауыз су құбыры бола тұра, 50 мыӊ халық сол құбырға қосылмай отыр. Себебі - тарифтіӊ қымбат болуында.

Ендігі жерде, бұл мәселені республикалық бюджет есебінен субсидиялау мүмкіншілігін ескеріп, құжаттар әзірленуде.

Бұдан бөлек, тарифті көтермеу мақсатында, жалпы жұмыстыӊ тиімділігін арттыру үшін облыста "бірыӊғай оператор" құрғалы отырмыз.

Биыл 19 елді мекен ауыз сумен қамтылады. Оныӊ 9-н көктемгі нақтылауда қостық.

o Жолдауда көтерілген тағы бір мәселе - ол экологиялық ахуалды жақсарту. Осы орайда, облыс үшін бірден-бір күрделі мәселе - ол Тараз қаласыныӊ сарқын суларын тазартатын кешен соғу. Техникалық-экономикалық негіздемесіне биыл35 млн.теӊге бөлінді.

Жабайы жануарларды қорғау үшін Қордай, Шу аудандарын қамтитын аумағы 370 мыӊдай гектар "Қордай-Жайсан" мемлекеттік табиғи қаумалы құрылуда.

Сондай-ақ, Жуалы, Талас және Жамбыл аудандарыныӊ аумағында "Жуалы-Қарашат" зоологиялық қаумал үшін 148 мыӊ гектар жер учаскелерін бөлу жұмыстары басталды.

o Жолдауда құқық қорғау органдарыныӊ жұмысына тереӊ және сапалы өзгерістер қажет екендігі де көрсетілді.

Бұл ретте, Ішкі істер органдарыныӊ жұмысын оӊтайландыру мақсатында департаменттіӊ 300-ге жуық қызметкері (214 бірлік жергілікті бюджеттен, 84 бірлік республикалық бюджеттен қаржыландырылатын) қысқартылып, үнемдеген қаржы (460,6млн.тенге - (РБ-158 млн.тг, ЖБ- 257 млн.тг, трансферттер- 45,6 млн.тг.)жалақыны көбейтуге және басқа да әлеуметтік мәселелерін шешуге жіберілетін болады.

Азаматтар сұранысына бейімделген мемлекеттік аппарат құру басымдығы бойынша.

Мемлекеттік органдарға жалақы төлеудіӊ жаӊа моделін енгізу аясында 2019 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап төменгі және орта буындағы қызметкерлердіӊ жалақысын 2 - 2,5 есеге дейін өсіру жоспарлануда.

Ол үшін облыста әкімшілік шығындарды қысқарту,бөлімдерді біріктіру арқылы басшылық құрамды азайту, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, ведомствалық бағыныстағы мекемелерді оӊтайландыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Нәтижесінде, облыста 2842мемлекеттік қызметшініӊ жалақысы өседі.Жоғарыда аталған жұмыстарды жүргізу нәтижесінде, осы мақсатқа 3,1 млрд.теӊге қайта бағытталады.

Сыбайлас жемқорлықтыӊ алдын алу мақсатында келер жылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердіӊ кемінде 80 пайызы электронды түрде көрсетілуі тиіс.

Жергілікті атқарушы органдарымен 197 қызмет көрсетіледі. Оныӊ ішінде: 89 қызмет Мемлекеттік корпорация арқылы, 94 қызмет электронды форматта көрсетілуде.

Бүгінгі күні лицензиялаудыӊ барлық түрлері, рұқсат беру және хабарлама құжаттары "е-лицензиялау" ақпараттық жүйесі арқылы электрондық түрде көрсетілуде.

Илеуметтік және білім саласындағы қызметтер электронды түрде көрсетілуде (отбасы және бала құқықтары саласындағы қызметтер (қорғаншылық және қамқоршылық, патронаттық тәрбиеге беру, бала-бақшаға кезекке қою "е-әкімдік" ақпараттық жүйесі арқылы көрсетіледі). Денсаулық сақтау саласындағы 3 қызмет "e-gov" портал арқылы көрсетілуде: "Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға тіркелу", "Дәрігердіӊ қабылдауына жазылу", "Дәрігерді үйге шақыру".

Жыл басынан "электрондық үкімет" порталы және Халыққа қызмет көрсету орталығыныӊ бірыӊғай ақпараттық жүйесі арқылы тұрғындарға "бір өтінім" қағидаты бойынша қызмет көрсету үшін мүмкіндік жасалды.

VІ басымдықта әрбір қазақстандықтыӊ еліміздегі өзгерістер үдерістеріне атсалысу қажеттілігі айтылды.

Облыс тұрғындары жүргізіліп жатқан реформаларға белсене қатысу үшін өзініӊ азаматтық ұстанымдарын көрсетеді деп сенеміз.

Осы орайда, "Рухани жаӊғыру" бағдарламасыныӊ іске асырылуы баршамызға қатысты екенін тұрғындар жақсы біледі.

Өткен жылдан бері меценаттар есебінен жалпы құны 963 млн. теӊгеге 48 әлеуметтік нысан (оныӊ ішінде 3 балабақша, 16 спорт нысаны, 3 мед.пункт, 1 интернат)пайдалануға берілсе, қалған 25 жоба инфраструктураны жаӊғыртуға бағытталды.

Бүгінгі күнге 257 мектепте "Руханият", 25 колледжде "Зерде" рухани орталықтары мен кабинеттер, 27 мектепте "Виртуалды мектеп мұражайы" ашылды (алдағы уақытта тағы 58 мектепте ашылмақ).

"Қазақстанныӊ жалпыұлттық киелі орындары" жобасына облыстыӊ 8 нысаны енгізілді.

Меркі-Жайсан түркі ғұрыптық кешені;

2) Ақыртас бекінісі (VIII-IX ғғ.);

3) "Ежелгі Тараз қалашығы" (І-ХІХ ғғ.);

4) "Тектұрмас" кешені (ХІV ғ.);

5) "Қарахан" кесенесі (ХІІ ғ.);

6) "Айша бибі" кесенесі (ХІ-ХІІ ғғ.);

7) "Бабажы Хатун" кесенесі (ХІ-ХІІ ғғ.);

8) "Байзақ батыр Мәмбетұлы" кесенесі.

o Жамбыл облысы экономикасыныӊ басымды бағыттарыныӊ бірі ретінде туризм саласына ерекше көӊіл бөлініп отыр. Саладағы ресурстарды жүйелеу мен бар резервтерді бірлестіру үшін "Ішкі және кіру туризмін дамыту аймақтық Картасы" әзірленді. Соған сәйкес туристік бизнес нысандары мен субъектілеріне кешенді түгендеу жұмыстары жүргізілді. Жыл басынан жалпы сомасы 5,4 млрд. теӊгені құрайтын бірқатар нысандар құрлысы жоспарланды. Жолдауда Елбасы келесі жылды "жастар жылы" деп жариялағаны жастарға тыӊ серпін беретін болды.

Бүгінде өӊірде 240 мыӊнан астам жас бар. Бұл -облыс халқыныӊ 21%.

Жастар арасындағы жұмыссыздық деӊгейі есепті мерзімде 2,4%-ды құрады.

NEET (жұмыссыз, оқымайтын) санатындағы жастардыӊ үлесі былтырғы 15,7%-дан 9,2%-ға дейін кеміді.Олармен жұмыс жүйелілікті, мақсатты жоспарды талап етеді

Өӊір жастарын жұмыспен қамтудыӊ белсенді шараларына тарту бойынша межелік көрсеткіштер белгіленді.

9 айдыӊ қорытындысы бойынша 12 мыӊнан астам жас жұмыспен қамтудыӊ белсенді шараларына тартылды.

14 мыӊға жуық жұмыссыз, өзін-өзі нәтижесіз еӊбекпен қамтыған жастардыӊ және оқу орнын аяқтаған түлектердіӊ дерекқоры жасақталды.

Жастардыӊ кәсіпкерлігін дамытуға мән берілуде. Биыл облыста Zhas Project (жас прожект)жастар корпусын дамыту жобасы жүзеге асуда.

Қазіргі таӊда 222 жоба қолдау тауып, 435 млн.тг. инвестиция тартылды.

Осы орайда, жобаныӊ тиімділігіне тереӊ талдау жасай отырып, жобаныӊ өӊірлік баламасын әзірлесек деп отырмыз.

Жалпы облыс экономикасын алсақ, қысқа мерзімді экономикалық индикатор 9 айдыӊ қорытындысымен 105,4%-ды құрады.

Өнеркәсіп саласындағы өсім - 5,1%,ауыл шаруашылығында - 4,2%, құрылыста - 6,6%, жүк тасымалында - 7,8%, байланыста - 7,2%-ды құрады. Негізгі капиталға салынған инвестиция 3,4%-ға өсті.

Инфляция (2018 ж қыркүейкте 2017 ж желтоқсанға) 3,0%-ды құрады (ҚР-3,3%), бұл 2017 жылдыӊ тиісті кезеӊінен 1,2 пайызға төмен.

Бюджет кірісі102,6%-ға орындалды(188 млрд.теӊге),оныӊ ішіндеөзіндік кірістер 13%-ға артты(42,3 млрд.теӊгеге).

Мемлекет басшысыныӊ Жолдауы әрбір азаматтыӊ өмір сапасын арттыруға бағытталып отыр.

Сондықтан, барлық деӊгейдегі әкімдер мен депутаттар корпусы, ардагерлер және қоғамдық ұйымдар мен сала белсенділері Жолдаудыӊ жүзеге асырылуына белсенді атсалысатын болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны