02.04.2009, 19:06 3382

Жамбыл облысының аумағында орналасқан "Айша бибі" әскери полигонында артиллериялық қаруды әскерге енгізу процессінің қорытынды кезеңіне орай атыстар өткізіледі - Қорғаныс министрлігі

Жамбыл облысының аумағында орналасқан "Айша бибі" әскери полигонында артиллериялық қаруды әскерге енгізу процессінің қорытынды кезеңіне орай атыстар өткізіледі - Қорғаныс министрлігі

Астана. 2 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Жамбыл облысының аумағында орналасқан "Айша бибі" әскери полигонында 2009 жылғы 3 сәуірде өздігінен жүретін 120 мм "Айбат" минаатары мен өздігінен жүретін 122 мм "Семсер" гаубицасынан нақты жауынгерлік атыстар жүзеге аспақ. Бұл атыстар артиллериялық қарудың әскерге енгізу процессінің қорытынды кезеңі болып отыр, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, атыс кезінде замануи әскери техниканың қыр-сырымен жетік танысып, арнайы курстарды аяқтаған мамандар жаңа техникалардың мүмкіндіктерін ортаға салады.

Қару өндіруші зауыттың инженерлік-техникалық құрамы мен нұсқаушылар тобы екі ай бойына қазақстандық әріптестерін жаңа техниканы игеруге машықтандырды. Нәтижесінде, қажетті үлгідегі сертификат алған мамандар кейінгі жерде аталмыш техникада машықтанып, өз мүмкіндіктерін көрсете алады.

Қазақстандық артиллеристер алған теориялық білімін осы жылдың 24-27 сәуірі аралығында Сарышаған полигонында өтетін тактикалық жаттығуларда тәжірибе түрінде жүзеге асыратын болады.

Қарулы күштердің иелігіндегі артиллериялық жүйелерді қайта жарақтандыра келе "Айбат", "Семсер" атты мүмкіндіктері арттырылған жаңа зымыран жүйелері қолданысқа енгізілді. Санаулы уақытта ұрысқа әзірлігін айқындайтын көрсеткіші алдыңғы үлгілермен салыстырғанда, бұл қарулардың басымдығын ерекшелендіріп отыр.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Ракета әскерлері және артиллериясын заман талабына сай жарақтандыру мақсатты түрде жүзеге асуда.

Бүгінгі күні Қазақстан армиясының сапына "Найза" дүркіндеп ату зымырандық жүйесінің бір дивизионы, 120 мм өздігінен жүретін "Айбат" минаатарының үш батареясы және 122 мм өздігінен жүретін "Семсер" гаубицасының бір дивизионы қосылып отыр. Бұл жиынтыққа атысты метеорологиялық қамтамасыз ететін екі бірдей станса және ұшқышсыз ұшу аппаратының кешені енеді. Техника тактикалық компьютерлермен, метеорологиялық қамтамасыз ету жабдықтарымен, навигациялық жүйелермен, спутниктік құралдармен және барлаудың жаңа үлгідегі түрлерімен жарақтандырылған.

Қару-жарақтың бұл үлгілері ұрыс тәсілдеріне қатысты шешім қабылдауға, алыс жерге жылдам жетуге және артиллериялық бөлімшелердің жеке құрам санын азайтуға айтарлықтай мүмкіндік береді.

"Қазақстан әскерінің заман талабына сай қару-жарақпен және әскери техникамен жабдықталуы Елбасы - Қарулы күштердің Жоғарғы бас қолбасшысының әлемдік стандартқа сай шағын да ұтқыр қимылдайтын, қажет кезде барлық мүмкіндігін тез арда іске асыра алатын әскер құру жөніндегі нұсқауларының шеңберінде атқарылуда",- делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны