Система Orphus

Жамбыл облысының Т.Рысқұлов және Жуалы аудандық полиция бөлімдерінің бастықтары тағайындалды

18.11.2019, 18:11 5698

Алматы. 18 қараша. Kazakhstan Today - Жамбыл облысының Т.Рысқұлов және Жуалы аудандық полиция бөлімдерінің бастықтары тағайындалды.

Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовтің келісімімен және ПД бастығының бұйрығына сәйкес Т. Рысқұлов және Жуалы аудандарының полиция бөлімдерінің жаңа басшылары бекітілді - деп хабарлайды Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев фейсбук парақшасында.

Т. Рысқұлов аудандық полиция бөліміне 1964 жылы туған полиция полковнигі Қапаров Қайрат Мұқанұлы басшылық етті. Ол Жамбыл облысы Меркі ауданы Меркі ауылында дүниеге келген, құқық қорғау органдарындағы қызметін 1991 жылы бастаған. Бұған дейін Жамбыл облысы Сарысу аудандық полиция бөлімінің бастығы қызметін атқарды.

Жуалы аудандық полиция бөлімінің бастығы лауазымына полиция полковнигі Ережепов Мақсат Мұратбекұлы тағайындалды. Ол 1975 жылы Жамбыл облысы Меркі ауданы Меркі ауылында дүниеге келген. 1993 жылдан бастап құқық қорғау органдарында жұмыс істей отырып, басшылық лауазымдарда үлкен тәжірибе жинақтады. Жамбыл облысы Полиция департаменті Тергеу басқармасының бастығы қызметін атқарды.

Мен әріптестерімді тағайындалуымен құттықтап, қызметте табыс тіледім, сондай-ақ 2019-2020 жылдарға арналған ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі жол картасын іске асыру шеңберінде жергілікті халықпен тығыз байланыс орнату, азаматтардың полицияға сенім деңгейін арттыру қажеттілігіне баса назар аудардым.

Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің "Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей, азаматтардың барлық сындарлы сауалдарына жедел және тиімді жауап беретін "Тыңдайтын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру қажет.

Сондықтан АПБ басшыларының қызметі құқық қорғау органдарының азаматтық қоғаммен тиімді ынтымақтастығы үшін жағдай жасауға бағытталуы тиіс.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны