10.06.2015, 18:05 3842

Жаӊа Еӊбек кодексі мен жұмыспен қамту туралы заӊ жобалары 15 тамызға дейін әзірленеді - ДСИДМ

ҚР Еӊбек кодексініӊ жаӊа жобалары мен "ҚР халқын жұмыспен қамту туралы" заӊ 2015 жылдыӊ 15 тамызына дейін әзірленіп, кәсіподақ федерациясыныӊ және басқа да мүдделі мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардыӊ қарауына ұсынылады, деп мәлімдеді бүгін ҚР еӊбек және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова Қазақстан кәсіподақтары федерациясыныӊ XXIV съезді отырысында

Астана. 10 Маусым. Kazakhstan Today - ҚР Еӊбек кодексініӊ жаӊа жобалары мен "ҚР халқын жұмыспен қамту туралы" заӊ 2015 жылдыӊ 15 тамызына дейін әзірленіп, кәсіподақ федерациясыныӊ және басқа да мүдделі мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардыӊ қарауына ұсынылады, деп мәлімдеді бүгін ҚР еӊбек және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова Қазақстан кәсіподақтары федерациясыныӊ XXIV съезді отырысында, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Халықты жұмыспен қамту туралы" заӊды және Еӊбек кодексі жобасын әзірлеу 15 тамызға қарай аяқталып, сіздердіӊ қарауларыӊызға ұсынылады", - деді Т.Дүйсенова, деп хабарлайды www.primeminister.kz тілшісі.

Ол Үкімет әзірлеп жатқан жаӊа Еӊбек кодексініӊ жобасы Қазақстанда былтыр қабылданған "Кәсіподақтар туралы" заӊмен келісілетінін айтып өтті.

"Жаӊа кодекс еӊбек қатынастарын ырықтандыруды қарастырады. Сонымен бірге, ұжымдық-келісімдік қатынастарға баса көӊіл бөлінеді. Кәсіподақтар біздіӊ "Кәсіподақтар туралы" заӊда қарастырған құзіреттіліктерді ескере отырып, өз мәселелерін кәсіпорындар деӊгейінде қаншалықты көтеретін болса, Қазақстанда әлеуметтік серіктестік соншалықты дамиды", - деп атап өтті ведомство басшысы.

Оныӊ айтуынша, еӊбек кодексімен қатар "Халықты жұмыспен қамту" заӊ жобасы әзірленуде, бұл еӊ алдымен еӊбек нарығы институттарын дамытуды, сондай-ақ жұмыссыз қалған адамдардыӊ әлеуметтік қорғалғандығын күшейтуді қарастырады.

"Бұл тек қана әлеуметтік қорғауды ғана емес, сонымен бірге мемлекет тарапынан қолдауды, оқытуды және қайта оқытуды, біліктілікті арттыруды, жұмысынан айрылған жағдайда еӊбекпен қамту немесе өзі қаласа микронесиелер түрінде әлеуметтік қолдаудыӊ жеке түрлерін ұсыну мүмкіндігі қарастырылады", - деп түсіндірді Т.Дүйсенова.

Бұдан өзге, ол ДСИДМ кәсіподақтармен бірге 2015 жылы мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ұсынылатын жәрдемақылар көлемі мәселесін қарайтынын мәлімдеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны