19.06.2014, 20:19 3131

Жаңа Қылмыстық Кодекске қылмыстық құқық бұзушылық ұғымы енгізілді - Н.Ибдіров

Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық Кодексіне қылмыстық құқық бұзушылық ұғымы енгізілді, деп мәлімдеді бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұрлан Ибдіров.

Алматы. 19 маусым. Kazakhstan today. Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық Кодексіне қылмыстық құқық бұзушылық ұғымы енгізілді, деп мәлімдеді бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұрлан Ибдіров.

"Жаңа Қылмыстық Кодексте уақыт сүзгісінен өтіп өзінің тиімділігі мен дұрыстығын дәлелдеген барлық құқықтық новеллалар сақталған. Кодекстің басты ерекшеліктерінің бірі қылмыстық құқық бұзушылық ұғымының енгізілуі болып табылады. Ол өз кезегінде екі бөлімнен тұрады. Біріншіден, қылмыс пен қылмыстық теріс қылықтар", - дейді Н.Ибдіров.

Оның айтуынша, оның маңызы сонда, қылмыстың төрт қабатты классификациясында ерекше санат пайда болды. Ол қылмыс болып есептелмейді. Алайда Қылмыстық Кодекспен реттеледі. Мысалға, қоғамдық қауіптілік деңгейі, келтіретін залал деңгейі бойынша.

"Сонымен қатар, Қылмыстық Кодексте қамау түріндегі жаза болғанымен бас бостандығынан айыру деген жоқ. Соған қарамастан бұл дегеніңіз әкімшілік қамауға алу емес, бұл - адамды қоғамнан қатаң түрде оқшаулауға байланысты қамау болып табылады. Үкіметтік нұсқада 6 ай көлеміндегі қамау түріндегі қамаудың максималды уақыты ұсынылды. Депуттардың ұсынысымен бұл мерзім екі есеге азайтылды", - дейді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны