08.01.2018, 14:10 4333

Жаӊа салық кодексі қызметін тоқтатқан Үкіметтік емес ұйымдарды жою үдерісін жеӊілдетеді

ҚР Салық кодексіне қызметін тоқтатқан Үкіметтік емес ұйымдарды (ҮЕҰ) жою үдерісін жеӊілдетуге бағытталған түзетулер енгізілді.

Астана. 8 қаӊтар. Kazakhstan Today - ҚР Салық кодексіне қызметін тоқтатқан Үкіметтік емес ұйымдарды (ҮЕҰ) жою үдерісін жеӊілдетуге бағытталған түзетулер енгізілді.

Қазақстан Республикасыныӊ жаӊа Салық кодексіне сәйкес(2017 жылғы 25 желтоқсанындағы № 120-VI ҚРЗ) Мемлекеттік кірістер органдары тарапынан соттыӊ шешімі бойынша заӊды тұлғаларды жою үшін қабылданатын шаралар тізбесі кеӊейтілген. Осылайша, мемлекеттік кіріс органдары Қазақстан Республикасыныӊ Азаматтық кодексімен реттелетін төрт негізбойынша заӊды тұлғалардыӊ қызметін тоқтату туралы сотқа шағым бере алады, атап айтқанда олар: банкроттық, заӊды тұлғаныӊ тіркелуініӊ жарамсыз деп танылуы, орналасқан жері немесе нақты мекен-жайы бойынша заӊды тұлғаныӊ болмауы, заӊды өрескел бұзу арқылы қызметін жүзеге асыруы.

Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігініӊ мәліметіне сәйкес, бұрынғы Салық Кодексі шеӊберінде заӊды тұлғаныӊ, сондай-ақ, орналасқан жердегі немесе нақты мекен-жайдағы құрылтайшылардыӊ болмауы ҮЕҰ-ды жоюға кедергі болатын себептердіӊ бірі болатын. Құрылтайшылар өз ұйымдарыныӊ қызметін ерікті түрде тоқтатпай, басқа елге қоныс аударып кеткен жағдайлар орын алған. Аталған түзету мемлекеттік кіріс органдарыныӊ орналасқан жерінен тыс заӊды тұлғаларды жою жөніндегі шараларды қабылдауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, жаӊа Салық кодексініӊ 93-ші бабына сәйкес салық төлеушілердіӊ қызметін мәжбүрлі түрдетоқтату тәртібі көзделген. Мәжбүрлі түрде тоқтатуға белгілі бір талаптар жүктелген жұмысын тоқтатқан заӊды тұлғалар жатады. Мысалы, Салық кодексімен белгіленген шектеулі кезеӊнен кем емес (5 жыл) заӊды тұлғалар салық есептемесін ұсынбаған,қаржы мәмілелерін жасамаған, ҚҚС төлеуші ретінде тіркелмеген, әлеуметтік төлемдер бойынша қарыздары жоқ және т.б заӊды тұлғалар кіреді. Салық органы 93-баптыӊ талаптарына сәйкес келетін субъектілерге тұрақты түрде мониторинг жүргізіп отырады және тиісті шараларды қабылдайды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда тіркеуге қатысты мәселе тудыратын көптеген қызметін тоқтатқан ҮЕҰ бар, аталған ұйымдар өз кезегінде азаматтық секторды дамытуға қатысты статистикалық және басқа да көрсеткіштерді бұрмалауға әкеледі. Мемлекеттік кіріс Комитетініӊ мәліметіне сәйкес, 2 919 үкіметтік емес ұйым ресми емес деп танылды, ал тіркелген ҮЕҰ-дыӊ жалпы саны - 19860.

Тұтастай алғанда, қабылданған нормалар жұмысын тоқтатқан заӊды тұлғаларды, соныӊ ішінде ҮЕҰ-ды жою үдерістерін айтарлықтай жеӊілдетеді, сондай-ақ олардыӊ статистикасыныӊ қалыптасуына оӊ әсерін тигізеді- деп хабарлады ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны