16.02.2012, 14:51 3457

Жаңартылатын энергия көздерін дамыту мемлекеттің бақылауында болуы тиіс

Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға арналған заң жобасының таныстырылымы барысында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің орынбасары Бақытжан Жақсалиев мәлім етті.

Астана. 16-ақпан. Kazakhstan Today - Жаңартылатын энергия көздерін дамыту мемлекеттің бақылауында болуы тиіс, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға арналған заң жобасының таныстырылымы барысында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің орынбасары Бақытжан Жақсалиев мәлім етті.

Оның айтуынша, 2009 жылы қабылданған заңнан кейін жаңартылатын энергия көздерін дамыту саласында бірқатар олқылықтар анықталған. Ендігі мақсат - сол құқықтық қайшылықтарды жою. Бұл ретте ең бірінші мәселе жер учаскелерін мемлекеттің қажеттігіне алып қоюға қатысты болып табылады. Өйткені жер учаскелерін бір санаттан екінші санатқа ауыстыру барысында бірқатар қайшылықтар туындайды. Екіншіден, жаңартылатын энергия көздері нысанынан босатылатын бағаның өзі аталған саланы дамытуға біршама кедергі келтіреді. "Мәселен, қазіргі қолданыстағы жүйеде әрбір жобаның өзіндік құнын ақтау деңгейінде тарифтер жеке-жеке техникалық экономикалық негіздемелер жасау сатысында айқындалады. Сосын ол тариф өкілетті жергілікті атқарушы органмен келісіледі. Сонымен қатар, жаңартылатын энергия көздеріне қатысты барлық жобаларды, олардың орналасатын орны мен қондырғыларын әзірлеуші тарап өздері жасап шығады. Ал қолданыстағы заңнамада әлгіндей жаңғартылатын энергия көздеріне қатысты жобалардан бас тартуға еш болмайды. Оның ішінде экономикалық тиімсіздік те ескерілмеген", - дейді Б. Жақсалиев.

Министр орынбасарының айтуынша, жаңартылатын энергия көздерінен босатылатын баға тарифін белгілеу барысында да көптеген кедергілер кездеседі. Оның ішінде жемқорлық фактілеріне жол берілетін құбылыстар да байқалады. Мәселен, заңның олқы тұсын айналып өтушілер негізінен шығыны басым, экономикалық тиімсіз жобаларды негізсіз жоғары тарифпен ұсынуға барып отыр.

"Жаңартылатын энергия көздері бойынша босатылатын баға жоғары. Сондықтан да елімізде жаңартылатын энергияның әлеуеті зор болғанына қарамастан оның даму қарқыны әлсіз. Ендеше бұл мемлекетпен бақылануы тиіс. Алайда, тарифтерді белгілеудің қолданыстағы жүйесі Үкіметке бұндай бақылау құралдарын жүзеге асыруға мүмкіндік бермей отыр", - дейді Б. Жақсалиев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны