30.06.2014, 22:23 6428

"Жасыл академия" мен ЭБЖМ аквамәдениетті дамытуға қатысты семинар өткізеді

"Жасыл академия" ғылыми білім беру орталығы мен Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі ағымдағы жылдың 4-5 шілдесінде "Биологиялық түрлерді сақтау және аквомәдениетті дамыту" тақырыбында семинар-тренинг өткізеді.

Алматы. 30 маусым. Kazakhstan today. "Жасыл академия" ғылыми білім беру орталығы мен Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі ағымдағы жылдың 4-5 шілдесінде "Биологиялық түрлерді сақтау және аквомәдениетті дамыту" тақырыбында семинар-тренинг өткізеді.

Семинардың мақсаты - Биологиялық түрлерді сақтау, тауарлы балық шаруашылығы мен аквамәдениетті дамыту саласындағы әлеуетті арттыру, деп ведомстводан хабарлады.

Семинар аясында қатысушылар Балық шаруашылығын дамыту бағдарламасын әзірлеу барысымен, Қазақстанда Биологиялық түрлерді сақтау және орнықты пайдалану тұжырымдамасы жобасымен, балық шаруашылығының тиімділігін бағалау индикаторларымен, аквамәдениет саласындағы халықаралық тәжірибе мен технологияларымен, Қазақстанда тауарлы балық шаруашылығы және аквамәдениетті қолдау тетіктерімен танысатын болады.

Семинардың лекторлары ретінде ҚР Статистика агенттігі, "Қазақ балық шаруашылығы" балықшылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы, "КазАгроинновация" АҚ агроөнеркәсіптік кешенінде экономикалық саясат талдау орталығы өкілдері, БҰҰДБ Биологиялық түрлер бойынша жобасының, ЕҚДБ сарапшылары және басқалар шақырылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны