26.02.2013, 14:34 3790

Жастар саясатының жаңа тұжырымдамасы жұмыссыздық мәселесін шешеді

"Тұжырымдаманың маңыздылығы бәрімізге де түсінікті. Бүгін елімізде жастардың жұмыссыздығы орын алып отыр. Жастар арасындағы жұмыссыздықтың ғалами деңгейі 12,7%-ды құрады, дүние жүзіндегі жұмыссыз жастар саны 4 млн адамға артқан. Еліміздегі жағдай әлдеқайда жақсы. 2012 жылдың 4 тоқсанындағы жұмыссыздық деңгейі 5,4 %-ды, жастар арасындағы - 3,9%-ды құрады", - деді С.Ибденов.

Астана. 26-ақпан. Kazakhstan Today - 2020 жылға дейінгі мемлекеттік жастар саясатын дамыту тұжырымдамасы жұмыссыздықты азайтуға бағытталады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Ибденов мәлім етті.

"Тұжырымдаманың маңыздылығы бәрімізге де түсінікті. Бүгін елімізде жастардың жұмыссыздығы орын алып отыр. Жастар арасындағы жұмыссыздықтың ғалами деңгейі 12,7%-ды құрады, дүние жүзіндегі жұмыссыз жастар саны 4 млн адамға артқан. Еліміздегі жағдай әлдеқайда жақсы. 2012 жылдың 4 тоқсанындағы жұмыссыздық деңгейі 5,4 %-ды, жастар арасындағы - 3,9%-ды құрады", - деді С.Ибденов.

Министр қазақстандық жастарды еңбекпен қамту мәселелері Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасы шеңберінде шешілетінін атап өтті.

"Жастарды еңбекпен қамтуға Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасында ерекше көңіл бөлінеді. Бағдарламаның шамамен 60% қатысушылары - бұл жастар. Жастар саясатын дамытудың жаңа тұжырымдамасы алдымызға белгілі тапсырмалар қояды, олар келешекте орындалатын болады", - деп қортындылады Еңбек министрлігінің басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны