06.06.2023, 14:20 13901

Жазда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша 100 мыңнан аса оқу-жаттығу шаралары ұйымдастырылады

Жазда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша 100 мыңнан аса оқу-жаттығу шаралары ұйымдастырылады
Сурет: Gov.kz
Жаз мезгілінде балаларға арналған олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша 100 мыңнан аса оқу-жаттығу шаралары ұйымдастырылады. Бұл туралы ҚР Үкіметінің отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді, деп хабарлайды Gov.kz.

Мемлекеттік органдар өкілдері мен мониторингтік топтар келесі іс-шараларды жүргізді:

• демалыс объектілерінің дайындығы тексерілді;

• санитарлық қадағалау күшейтілді;

• демалыс орындарындағы өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша алдын алу шаралары жүргізілді;

• жазғы демалысты ұйымдастыру кезінде бірыңғай, қауіпсіз тәсілдерді қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдар және қоғамдық ұйымдармен арнайы семинар-кеңес ұйымдастырылды;

• Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп балалардың өрт пен судағы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бірыңғай тәсілдері әзірленді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны