11.05.2014, 19:30 2890

Жемқорлықтың алдын алу үшін Қазақстанда сот жүйесі жетілдіріледі

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2013 жылы атқарушылық өндіріс органдарының қызметкерлері тарапынан 34 сыбайласқан жемқорлық жасалған. Бұл 2012 жылғымен салыстырғанда 2 есеге артық.

Алматы. 11 мамыр. Kazakhstan today. Бүгінде Қазақстанда сот орындаушылары тарапынан құзіретін теріс пайдаланудың алдын алу бойынша үлкен жұмыстар жүргізілуде.

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2013 жылы атқарушылық өндіріс органдарының қызметкерлері тарапынан 34 сыбайласқан жемқорлық жасалған. Бұл 2012 жылғымен салыстырғанда 2 есеге артық. Соның ішінде ең көп тараған қылмыс түрі азаматтардың өтінішін қарау тәртібін жүйелі бұзу мен шешім қабылдау мен дайындау кезінде заңды және жеке тұғаларды алалау болып табылады.

Хабарламада айтылғандай, атқарушылық өндіріс органдарындағы құқық бұзушылықтың тағы бір түрі субъективиті және объективті факторлар болып бөлінеді. Соның ішінде қолданыстағы заңнаманы пайдаланбау шаралары да кездеседі.

Енді жемқорлық шараларын азайту үшін адрестік мүлікті іске асыру кезінде 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап электронды аукцион ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, Иділет министрлігі тарапынан сот актілерін орындау кезеңдерінде міндетін теріс қолдану мүмкіндігінің алдын алуға жол ашатын онлайн жүйедегі қызметкерлердің мүлігіне сот орындаушылық тұтқындарын алу мен орнату жүйесін енгізеді.

Сот орындаушыларының материалдық базасын жақсарту үшін орындаушылық санкциянан алынған 10 пайыз құн есебінен қаржыландыру туралы ұсыныс енгізілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны