17.06.2013, 16:33 3134

Жер қатынастары басқармасының бастығы қамауға алынды

Батыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық және сыбайлас қылмысқа қарсы күрес департаменті мемлекеттік қаражаттың жымқырылуы фактілері бойынша қылмыстық іс қарауда.

Астана. 17-маусым. Kazakhstan Today - Жер қатынастары басқармасының бастығы қамауға алынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Батыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық және сыбайлас қылмысқа қарсы күрес департаменті мемлекеттік қаражаттың жымқырылуы фактілері бойынша қылмыстық іс қарауда.

Дүйсенбіде "Интерфакс-Қазақстанға" қаржы полициясының баспасөз қызметінен хабарлағандай, жер қатынастары басқармасының бастығына ведомство қызметкері және ЖШС бірінің директорымен сыбайласып, ауыл шаруашылығына арналған жерлерді инвентаризациялау үшін 15 млн теңгеден аса жымқырды деген айып тағылған.

Жер қатынастары басқармасының бастығы сот санкциясына орай үй ішінде қамауда отыр, деп атап өтті қаржы полициясынан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны