12.02.2008, 12:57 2411

Жер қойнауын пайдаланушылардан алынған кеніштерді Илеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға беру керек - премьер

Жер қойнауын пайдаланушылардан алынған кеніштерді Илеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға беру керек - премьер

Астана. 12 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Өз міндеттемелерін орындамаған жер қойнауын пайдаланушылардан алынған кеніштерді Илеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға беру керек. Бүгін өткен үкіметтің отырысында үкімет басшысы Кәрім Мәсімов осындай тапсырма берді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Мемлекет басшысының жолдауында өздерінің келісім-шарттағы міндемелерін орындамай отырған жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты тәртіп орнату жөнінде нақты тапсырмалар берілген, біздің заңнамаға сәйкес кеніштерді қайтарып алуымыз үшін", -деді Кәрім Мәсімов.

"Меніңше, оларды қайтарып, бірден Илеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға беру керек", - деді ол.

"Мемлекет басшысы өз жолдауында үкіметке берген екінші тапсырма - жерге қатысты іс-қызметті ретке келтіру мәселесі, яғни, қажетті талаптарды орындамай, немесе, түрлі міндеттемелерін орындамай жер сатып алғандар оны қайтаруға тиіс. Ал Илеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар осындай жерлерді дұрыс пайдалануға тиіс институт", - деді премьер.

"Сол себепті мен бүгін өз міндеттемелерін орындамайтын жер қойнауын пайдаланушылар мен жер мәселесі бойынша екі жұмыс тобын құруға шешім қабылдадым", - деді ол.

Премьер-министр екі топтың жетекшісіне өзінің орынбасары Өмірзақ Шүкеевті тағайындады.

"Мемлекет басшысының тапсырмалары нақты әрі дер кезінде орындалуға тиіс, осы жөнінде мен бейсенбі күні өзімнің қорытынды тапсырмамда баяндайтын боламын", - деді Кәрім Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны