04.12.2025, 18:58 33831
Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды қорғау тетіктері күшейтілді
Сурет: Akorda
Достарға айту
Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, білім беру, отбасы және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Аталған Заң арқылы Жер, Бюджет, Кәсіпкерлік, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы", "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекстерге, сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы", "Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы", "Мәдениет туралы", "Білім туралы" және "Педагог мәртебесі туралы" заңдарға өзгерістер енгізілді.
Түзетулердің бірінші блогы жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды қорғаудың құқықтық тетіктерін күшейтеді.
Баланы асырап алу және кәмелетке толмағандарға қамқоршылықты немесе қорғаншылықты тағайындау барысында баланың туыстарына, ал олар болмаған жағдайда некеде тұрған адамдарға басым құқық беріледі.
Түзетулердің екінші блогына сәйкес, балалардың тамақтануына, тұрғын үйіне, медициналық көмегіне, білім алуына, тәрбиесіне және оларды сауықтыруға мемлекет бюджеті есебінен қаржы бөлінетін субъектілерге (объектілерге) қатысты мемлекеттің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалау тәртібі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодекстің, сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы" Заңның аясында реттелетін салаға жатқызылады. Сәйкесінше тиісті нормалар Кәсіпкерлік кодекстен алынып тасталады.
Түзетулердің үшінші блогы білім беру саласындағы кейбір түйткілді мәселелерді шешеді.
Бұдан былай техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары Оқу-ағарту министрлігі бекітетін, осындай ұйымдар қызметінің жетістіктерін рейтингтік көрсеткіштерге сай бағалау әдістемесіне және оларды саралау қағидаларына сүйене отырып сараланады. Ал жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының саралануы Ғылым және жоғары білім министрлігі бекітетін бағалау әдістемесі мен қағидаларына негізделеді.
Түзетулердің төртінші блогы мәдениет саласындағы бірқатар мәселені шешуге бағытталған.
Концерт өткізу кезінде фонограмма пайдалануға тыйым салынады (Бұл ереженің телевизиялық жазбаларға, концерт өткізуге арнайы бейімделмеген және арналмаған орындарға қатысы жоқ). Сондай-ақ авторлық құқық объектісі саналатын шығармаларды масс-медиада немесе онлайн-платформаларда жария түрде пайдаланған кез келген жағдайда авторды (авторларды) көрсету міндетті.
Кітапхана қорын байыту және сақтау шараларын қабылдау бұдан былай жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне кіреді.
Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
21.01.2026, 13:03 25541
354 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тен төлем алды
Достарға айту
2025 жылдын қорытындысы бойынша жұмысынан айырылу жағдайы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі - МӘСҚ) әлеуметтік төлем алушылардың саны 354,2 мың адамды құрады. Бұл ретте 2025 жылы 311,9 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалды. Төлемдердің жалпы сомасы 130,4 млрд теңге болды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған жұмыскерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады. Төлем жоғалған кірістің 45%-ына дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Төлем тағайындау үшін жұмыстан босатылған жұмыскерге:
- eGov.kz порталында авторизациялану;
- "Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту" бөлімінде "Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу" қызметін таңдау;
- онлайн-қызметке тапсырыс беріп, барлық жолдарды толтыру және оған ЭЦҚ-мен қол қойып, өтінімді жіберу қажет;
- бір күн ішінде тұрғылықты жеріңіздегі мансап орталығы (бұдан әрі - МО) бос жұмыс орындарын ұсынады;
- егер жұмыс табылмаса, 3 жұмыс күні ішінде қашықтықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі (қажет болған жағдайда сізге МО қызметкері қосымша ақпарат жинау үшін хабарласады).
Бұл қызметті онлайн режимінде Электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы да алуға болады.
Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы мәліметтер болған кезде Еңбекминінің ақпараттық жүйесі проактивті форматта МӘСҚ-тан төлемді тағайындау бойынша қызмет көрсетуге келісу үшін мобильді телефонға SMS-хабарлама жібереді. Келіскен жағдайда SMS-хабарламаға жауап беру қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады.
Естеріңізге сала кетейік, МӘСҚ қаражаты есебінен жұмыстан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем жұмыстан шығу себептеріне қарамастан жүзеге асырылады және жұмыссыз адамды ол жұмыс іздеген кезеңде қолдауға арналған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.01.2026, 11:19 39636
Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнама жетілдірілуде
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Премьер-министрдің орынбасары - мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Үкімет отырысында Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың V отырысында бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі тапсырмалары шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Атап айтқанда, оның сөзінше балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік желілерге қолжетімділігін шектеу мәселесі қарастырылуда. Мәдениет және ақпарат министрлігі 16 жасқа толмаған азаматтар үшін әлеуметтік желілерде тіркеуге тыйым салуды көздейтін онлайн-платформалар мен бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін реттейтін заң жобаларын әзірледі.
Аталған өзгерістер сараптамадан өтіп, қоғамдық талқылауға шығарылды.Оны тиімді іске асыру үшін Оқу-ағарту министрлігі және Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлесіп пайдаланушылардың жасын тексеру механизмдерін әзірлеу, қажет болса жауапкершілік шараларын қарастыру жоспарланып отыр.
Халықтың медиасауаттылығын арттыруға және тәуелсіз БАҚ-ты қолдауға ерекше назар аударылады. Бұл бағытта салалық журналистиканы дамыту комиссиясы және басқа да тетіктер арқылы тиісті жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ онлайн-платформалар мен БАҚ арасындағы жарнама бөлу және кейбір тауарларды жарнамалауға тыйымды ішінара алып тастау мүмкіндіктері заңнамалық тұрғыдан қарастырылады", - деп толықтырды Аида Балаева.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.01.2026, 10:52 39906
Қазақстанда заңды және жеке тұлғалар үшін мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібі егжей-тегжейлі регламенттеледі
Достарға айту
Премьер-министрдің орынбасары - мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Үкімет отырысында Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың V отырысында айтылған тапсырмаларын орындау үшін қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Күні кеше Мемлекет басшысы еліміздің өмірінде ерекше орын алған Ұлттық құрылтайдың тарихи миссиясын нәтижелеп, мемлекет пен халқымыздың болашағын айқындайтын зор міндеттер жүктеді. Алдымен, бұл мән-маңызы жағынан жаңа Атазаң қабылдаумен бірдей конституциялық өзгерістердің аясында ғана емес, жалпы Тәуелсіздік тұғырын одан әрі нығайтуды көздейтін тарихи белес", - деді Аида Балаева.
Вице-премьер Президент айқындап берген негізгі қағидаттар - "Заң және тәртіп", "Адал азамат", "Таза Қазақстан" бастамалары бойынша жүйелі жұмыстар жалғасатынын атап өтті.
Сондай-ақ мемлекеттік рәміздерді, рухани-адамгершілік, отбасы құндылықтарын насихаттауға арналған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары күшейтіледі. Мәдениет және ақпарат министрлігі заңды және жеке тұлғалар үшін мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібін егжей-тегжейлі реттеуге қатысты жұмыс жүргізеді. Сондай-ақ нормативтік актілерге қажетті өзгерістер енгізіліп, көрнекі нұсқаулықтар дайындалады.
Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында мемлекеттік рәміздерге ерекше құрмет көрсететін азаматтарды қосымша ынталандыру шаралары әзірленеді.
Тағы бір маңызды мәселе - тарихи-мәдени мұраларымызды ЮНЕСКО деңгейінде насихаттау. Президент бұған дейінгі Ұлттық құрылтай отырыстарында бұл мәселеге ерекше назар аударып, нақты тапсырмалар берді. Мемлекет басшысы тапсырмасымен Жаркент мешіті мен Вознесенск соборын біріктіретін номинация, Қаратау жотасындағы петроглифтерді ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізу мақсатында тиісті жұмыстар атқарылатын болады. "Абайдың қара сөздері" ЮНЕСКО-ның "Әлем жады" тізіміне енгізу үшін тиісті құжаттар сараптамалық бағалауға жолданды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.01.2026, 09:49 38811
2025 жылы қазақстандықтарға 806 млрд теңгеден астам сомада бала тууына және бала күтіміне байланысты жәрдемақылар төленді
Достарға айту
2025 жылы мемлекеттік жәрдемақылармен, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі - МӘСҚ) баланы босануға және бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалпы сомасы 806,8 млрд теңгені құрайтын төлемдермен 565,7 мың адам қамтылды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Ал бала туғанда берілетін жәрдемақыны 2025 жылы республикалық бюджеттен барлығы 61,1 млрд теңге сомасында 338 мың адам қамтылды, оның ішінде желтоқсан айында 4,7 млрд теңге сомасында 25,9 мың адам алды. Бұл жәрдемақыға бала туған, асырап алған, сондай-ақ қамқорлыққа алған балалары бар еліміздің азаматтары, қандастар, сондай-ақ Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктер үміткер бола алады.
Балаға күтім жасайтын адам міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылмаған жағдайда туған, асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа алған балалары бар, егер олар басқа ата-ананың отбасында ескерілмесе, өгей балалары бар адамдардың (отбасылардың) бала күтіміне байланысты жәрдемақы алуға құқығы бар. Есепті кезеңде 1,5 жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша жәрдемақымен 44 млрд теңге сомасына орта есеппен 125,3 мың адам қамтылды, оның ішінде желтоқсан айында 3,8 млрд теңге сомасында 128,9 мың адам алды.
Бала тууына және бала күтіміне арналған мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына бекітілген айлық есептік көрсеткішке (бұдан әрі - АЕК) байланысты белгіленеді.
2025 жылы бала тууына арналған жәрдемақы мөлшері:
- бірінші, екінші, үшінші балаға - 38,0 АЕК немесе 149 416 теңге;
- төртінші және одан кейінгі балаларға - 63,0 АЕК немесе 247 716 теңгені құрады.
Бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төленетін жәрдемақы ай сайын келесідей мөлшерде төленді:
- бірінші балаға - 5,76 АЕК немесе 22 648 теңге;
- екінші балаға - 6,81 АЕК немесе 26 777 теңге;
- үшінші балаға - 7,85 АЕК немесе 30 866 теңге;
- төртінші және одан кейінгі балаларға - 8,90 АЕК немесе 34 995 теңге.
Бұдан басқа жұмыс істейтін азаматтарға жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылған жағдайда МӘСҚ-тан төленетін әлеуметтік төлем жүктілігі және босануы бойынша берілген демалыстың барлық күндеріне тағайындалады. Төлем мөлшері жүктілігі және босануы бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағы берілгенге дейінгі соңғы 12 ай ішінде МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық кіріске және еңбекке жарамсыздық күндерінің санына байланысты болады.
Аталған біржолғы төлемді 2025 жылы жалпы сомасы 276,2 млрд теңгеге 200,8 мың адам алды, оның ішінде желтоқсан айында 16,3 млрд теңге сомасында 17,1 мың адамға берілді. Есепті кезеңде тағайындалған төлемнің орташа мөлшері 1 415 135 теңгені құрады.
Сондай-ақ МӘСҚ-дан бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша ай сайынғы әлеуметтік төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға баланың туған күнінен бастап тағайындалады. Төлемнің мөлшері соңғы 2 жылда МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық кірістің 40%-н құрайды. Екі және одан да көп бала туған жағдайда төлем әр балаға жеке тағайындалады.
2025 жылда бұл төлем 425,5 млрд теңгеге 239,6 мың адамға тағайындалды. Оның ішінде желтоқсан айында 16,4 мың алушыға тағайындалған төлем сомасы 33,1 млрд теңгені құрады. Есепті кезеңде төлемнің ай сайынғы орташа мөлшері 85 993 теңгені құрады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.01.2026, 22:18 40151
Шымкенттің полиция бастығы және оның орынбасары қызметінен кетті
Сурет: Polisia.kz
Достарға айту
Ішкі істер министрлігі Шымкент полиция департаментінде кадрлық шешімдер қабылданғанын мәлім етті. Бұл шешімдер 21 жастағы студент Нұрай Серікбайдың өлімінен кейін қабылданды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті Қаратау ауданы полиция басқармасының қызметкерлерінің марқұм қыздың туыстарының өтініштерін тиісінше қарамаудың ықтимал фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық іс шеңберінде жедел ден қоймау және уақтылы шаралар қабылдамау бойынша барлық дәйектер жан-жақты тексерілетін болады.
Тергеу қорытындысы бойынша заңда белгіленген тәртіппен лауазымды тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға беріледі. Сонымен қатар қызметтік тергеу жүргізіліп, оның нәтижесі бойынша басқарушылық жауапкершілік негізінде тәртіптік шаралар қабылданды. Құқықтық тәртіпті тиісінше қамтамасыз етпегені үшін Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы және оның бірінші орынбасары атқаратын лауазымдарынан босатылып, бірқатар лауазымды тұлғалар ішкі істер органдарынан қызметтен шығарылды",- делінген ведомство хабарламасында.
ІІМ заңды бұзуға ықпал ететін кез келген фактілерге, сондай-ақ зорлық-зомбылық пен қатыгездік көріністеріне қатысты нық принципті ұстанады.
Министрлік мәлім еткендей, кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу барысы ІІМ бақылауында. Тәжірибелі қызметкерлер қатарынан арнайы жедел-тергеу тобы құрылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.01.2026, 18:14 40556
Тоқаев ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізімінде болуға лайық жәдігерлерді атады
Достарға айту
Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізімінде болуға лайық жәдігерлерді атады, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Елімізде танымдық әрі тағылымдық мәні зор тарихи орындар мен құнды жәдігерлер аз емес. Мысалы таза ағаштан салынған Жаркент мешіті - қытай сәулетшілері мен ұйғыр шеберлерінің қолынан шыққан бірегей туынды. Алматыдағы "Вознесенск кафедралды шіркеуі" де - айрықша тарихи нысан. Татулық пен достықтың символы саналатын осы екі ғимаратты "Бірлігіміз - әралуандықта" қағидатының іс жүзіндегі көрінісі деуге болады", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің айтуынша, Ұлы даланың әрбір тау-тасы халқымыздың сан ғасырлық жылнамасынан сыр шертеді. Соның бірі - қойнауы қазынаға толы Қаратау петроглифтері. Төрт мың жылдық тарихы бар таңбалы тастар төл өркениетіміздің тамыры тым тереңде жатқанын көрсетеді.
Ғалымдарымыз Қызылорда жеріндегі Сауысқандық пен Түркістан облысындағы Арпа өзеннен жалпы саны 17 мың петроглиф тапқан. Осындай құнды жәдігерлеріміз бен ұлттық дәстүрлеріміз ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізімінде болуға әбден лайық деп санаймын. Құзырлы министрлікке осы мәселелерге қатысты жұмысты қолға алуды тапсырамын", - деді Мемлекет басшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.01.2026, 18:03 40791
Президент жалпыхалықтық референдум өтетін уақытқа қатысты түсінік берді
Достарға айту
Жаңа Конституция қабылдаумен пара-пар қадам жасағалы тұрмыз. Бұл туралы Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Жалпы, бастапқыда Парламенттік реформа аясында Ата заңның 40-қа жуық бабын өзгерту жоспарланған еді. Алайда жұмыс барысында түзетулер саны әлдеқайда көп екені белгілі болды. 2022 жылғы реформада Ата заңның 33 бабы жаңарғанын білесіздер. Ал, ендігі өзгерістер одан да ауқымды. Біз, шын мәнінде, жаңа Конституция қабылдаумен пара-пар қадам жасағалы тұрмыз. Сондықтан мен Конституциялық комиссия құру туралы шешім қабылдадым. Арнайы Жарлыққа ертең қол қоямын", — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Осы орайда Президент Комиссия құрамына 100-ден астам азамат кіретінін айтты.
Оның ішінде Ұлттық құрылтай мүшелері, белгілі заңгерлер, ақпарат құралдары басшылары, аймақтық мәслихат төрағалары мен қоғамдық кеңес өкілдері және басқа да білікті мамандар болады. Бұл жұмысқа Конституциялық соттың төрағасы жетекшілік етеді. Комиссия барлық ұсынысты сараптап, қорытып, нақты өзгерістердің жобасын әзірлейді. Содан соң жалпыхалықтық референдум өтетін уақытты белгілейміз", — деді Мемлекет басшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.01.2026, 17:59 41071
Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент лауазымын бекітуді ұсынды
Сурет: Akorda
Достарға айту
Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде вице-президент лауазымын бекітуді ұсынды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Вице-президентті Парламенттің қарапайым басым дауысының келісімімен Президент тағайындайды. Оның өкілеттік аясын Мемлекет басшысының өзі айқындайды. Вице-президент Президенттің тапсырмасымен халықаралық форумдар мен шет мемлекеттердің делегацияларымен келіссөздерде Қазақстан Республикасының мүддесін, Парламентте Президенттің мүдделерін білдіретіні, отандық және шетелдік қоғамдық-саяси, ғылыми, мәдени-ағартушылық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайтыны, Президенттің өзге де тапсырмаларын орындайтыны көзделеді. Вице-президенттің қызметтік функционалына қатысты осы негізгі ережелерді Конституция мәтінінде де көрсеткен жөн", - деді Президент.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
20.01.2026, 12:15Нью-Делиде қазақстандық өнерпаздар өнер көрсетті 20.01.2026, 13:26 Қазақстанның этникалық топтамасы "International Kids Fashion Week" аясында жоғары марапатқа ие болды58291Қазақстанның этникалық топтамасы "International Kids Fashion Week" аясында жоғары марапатқа ие болды20.01.2026, 15:29 58026Қазақстан "Жасыл аптада": аграрлық әлеуетімен таныстырып, Германиямен жаңа келісімдер орнатты19.01.2026, 20:33 54346Қазақстанда жасанды интеллект саласында ЮНЕСКО-ның үздік халықаралық тәжірибелері енгізілуде19.01.2026, 21:30 54101Қазақстан мен Өзбекстан екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша ұстанымдарын үйлестірді
06.01.2026, 20:48 200231Заңнамалық актілер жаңа Цифрлық кодекске сәйкес келтіріледі07.01.2026, 09:29 179221Православиелік қазақстандықтар Рождество мерекесін тойлап жатыр07.01.2026, 10:33 179121Мемлекет басшысы Рождество мерекесімен құттықтады13.01.2026, 20:35 162141Елімізде су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі әзірленуде14.01.2026, 10:47 161981Қарағанды облысында әлеуметтік сала мәселелеріне арналған жиын өтті

