25.09.2023, 14:04 27361

Жетісу прокурорлары мәслихаттың заңсыз шешімдерінің күшін жойды

Жергілікті өкілді органның шешімдері әділет органдарында тіркелмеген
Текелі қаласы прокуратурасының наразылықтары бойынша қалалық мәслихаттың жер салығы мөлшерлемелерін 20 % - ға арттыру туралы 2 шешімі жойылды, деп хабарлайды Жетісу облысы прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері әділет органдарында мемлекеттік тіркелуге жатады ("Құқықтық актілер туралы" Заңының 35-1-бабы).

Мұндай тіркеу олардың күшіне енуінің қажетті шарты болып табылады.

Сонымен қатар жергілікті өкілді органның шешімдері әділет органдарында тіркелмеген, сәйкесінше заңды күші жоқ.

Алайда осыған қарамастан салық органы салық төлеушілерден жер салығы үшін жоғары мөлшерлемеде ақы алып отырған.

Мәслихат шешімдерінің іс-әрекеті 5 мың жер пайдаланушының мүдделерін қозғайды, оның 400- ден көбі кәсіпкерлер.

Прокуратураның бастамасы бойынша Мемлекеттік кірістер органдарымен артық төленген соманы салық төлеушілерге қайтару жөнінде шаралар қабылданып жатыр.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны