30.12.2008, 15:39 2937

Жезқазған қаласының жол полициясы бөлімінің бастығы Манат Ақылбаев жол апаты салдарынан қаза тапты

Жезқазған қаласының жол полициясы бөлімінің бастығы Манат Ақылбаев жол апаты салдарынан қаза тапты

Қарағанды. 30 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін"- Жезқазған қаласының жол полициясы бөлімінің бастығы Манат Ақылбаев жол апаты салдарынан қаза тапты, деп хабарлайды агенттік тілшісі облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ІІД мәліметінше, жол апаты 28 желтоқсанда сағат 18.50-де Қызылорда - Павлодар тас жолының 620-шы шақырымында Жаңаарқа ауданының Бидайық ауылынан бес шақырым жерде болған. Манат Ақылбаев отырған "Мерседес-Бенц" көлігінің жүргізушісі алда келе жатқан көлікті басып озамын деп, қарға байланысты жолдың үсті жақсы көрінбей тұрғанда жолдың қарсы бетіне шығып, Қарағандыдан Жезқазғанға келе жатқан КамАЗ көлігімен соқтығысқан.

Апат салдарынан "Мерседес" көлігі жанып кеткен. 38 жастағы жүргізуші мен оның үш жолаушысы, соның ішінде М. Ақылбаев оқиға орнында қаза тапты.

Өртті сөндіру үшін Атасу ауылының өрт сөндіру күштері тартылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны