23.02.2011, 17:58 4035

Жезқазған тұрғыны өзінің сыныптасының үйін тонаған

Жезқазғанның 19 жастағы тұрғыны өзінің сыныптасының үйін тонады деген күдікпен ұсталған. Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Қуанышбек Жұманов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 23 - ақпан. Kazakhstan Today - Жезқазғанның 19 жастағы тұрғыны өзінің сыныптасының үйін тонады деген күдікпен ұсталған. Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Қуанышбек Жұманов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Оның айтуынша, Қарағанды қаласының жоғары оқу орындарының бірінде оқитын студенттің пәтерін тонаған қылмыскер қолға түскен. Ол жәбір көрген студент жастың курстасы болып шықты.

19 жастағы қылмыскер ағымдағы жылдың қаңтар айында өзінің сыбайласымен келісе отырып, курстас жолдасының пәтеріне заңсыз кірген. Оны қарумен қорқытып, жалпы сомасы 2 миллионнан астам теңгеге бағаланған зергерлік және коллекциялық бұйымдарды, сондай-ақ ұялы телефондарды алып кеткен.

Арнайы операцияны өткізу барысында қылмыскер қолға түсті. Барлық айғақ заттар, атап айтқанда тапанша мен ұрланған заттардың бір бөлігі тәркіленді. Қазіргі кезде қылмыскердің сыбайласын ұстау бойынша тиісті шаралар қолға алынды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны