02.07.2009, 17:30 2689

Жыл басынан бері 5 млрд теңгеден астам жалақы қарыздары қайтарылды - Бас прокуратура

Жыл басынан бері 5 млрд теңгеден астам жалақы қарыздары қайтарылды - Бас прокуратура

Астана. 2 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Жыл басынан бері 5 млрд теңгеден астам жалақы қарыздары қайтарылды. Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"2009 жылдың басынан бері прокурорлық қадағалаудың нәтижесінде 66 мың жұмысшыға тиесілі 5 млрд теңгеден астам жалақы қарызы өтелді. 363 тұлға тәртіптік, 727 тұлға әкімшілік, 1 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды ",- деді ресми өкіл.

Мәселен, Алматы қаласы прокурорының ұйғарымы бойынша "Алматытелефонқұрылыс" АҚ 200 қызметкеріне тиесілі 13 млн теңгеден астам жалақы қарыздарын қайтарды.

"Ақмола облысында "Жаңа-Жер" ЖШС прокурордың ұйғарымы бойынша өткен жылдың қыркүйек айынан бері пайда болған 301 қызметкерінің алдындағы 30 млн теңгеден астам жалақы берешегін өтеді. Сондай-ақ, прокурордың ұсынысы бойынша "Қазақалтын" АҚ 977 қызметкерге жалпы көлемі 54 млн теңгеден асатын жалақы қарызын жапты", деді ресми өкіл.

Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасы "БГС-Ақсай" және "Ақсай нан өнімдері комбинаты" ЖШС тиісінше, 213 қызметкердің алдындағы 15 млн теңгеден астам және 248 қызметкердің 17 млн теңгеден астам жалақы бойынша қарыздарын өтеу туралы ұйғарым шығарды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны