29.08.2007, 14:05 2923

Жыл басынан бері ішкі істер органдарында 40 килограмнан астам есірткі ұрланған немесе жоғалып кеткен - Бас прокуратура

Жыл басынан бері ішкі істер органдарында 40 килограмнан астам есірткі ұрланған немесе жоғалып кеткен. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі. "Осы жылы ішкі істер органдарында сақталған жалпы 48 килограмнан астам есірткі ұрланып, жоғалды. Олардың 29 килограмнан астамы героин және 3 килограмға жуығы апиын",- деді С.Нұрпейісов.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 29-тамыз. Kazakhstan Today. Жыл басынан бері ішкі істер органдарында 40 килограмнан астам есірткі ұрланған немесе жоғалып кеткен. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
"Осы жылы ішкі істер органдарында сақталған жалпы 48 килограмнан астам есірткі ұрланып, жоғалды. Олардың 29 килограмнан астамы героин және 3 килограмға жуығы апиын",- деді С.Нұрпейісов.

Мысалы, оның айтуынша, Батыс Көліктегі Ішкі істер департаментінің қызметкерлері 29 килограмман астам героинді табиғи құрылыс материалдарымен алмастырып қойған. Бұл факт бойынша Батыс аймақтық көлік прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 260-бабының 2-бөлімі бойынша ("есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды ұрлау не қорқытып алу") қылмыстық іс қозғады.

Павлодар қаласының Солтүстік ішкі істер бөлімінде 106,5 грамм героинді сода және ас тұзымен алмастыру дерегі анықталды.

Заттай айғаққа жататын есірткіні алмастыру фактісі бойынша 21 іс қозғалды. Қостанай облысында гашиш, марихуана мен героинді ұрлау фактісі бойынша - 10 іс, Астана қаласында - 5 іс, Батыс Қазақстан облысы мен Батыс көлік аймағында - 2 істен, Ақтөбе мен Павлодар облыстарында 1 қылмыстық істен қозғалды.

"Бұрынғы жылдары тоқтатылған қылмыстық істер бойынша да есірткі заттардың ұрлануына жол беріліп отырған, бұл қылмыстарды ашу қиындыққа түсетіні белгілі",- деді С.Нұрпейісов.

Оның айтуынша, "соңғы үш жылда мұндай фактілердің едәуір өскені байқалады, бұған есірткі заттардың екінші рет айналымға түсірудің алғышарты ретінде қараған жөн. Егер 2005 жылы прокурорлар алынған есірткіні алмастырып қоюдың 2 оқиғасын анықтаса, 2006 жылы - мұндай 4, ал соңғы тексеру барысында 21 факті анықталды".

Сонымен қатар, аймақтық Ішкі істер департаменттерінде Заттай айғақтарды сақтау, беру және жою тәртібін реттейтін нұсқаулық талаптарының көптеп бұзылуы анықталды. Астана мен Алматы қаласы, Қостанай және Алматы облыстарының ішкі істер органдарында жоюға жататын есірткілер бірнеше жыл бойы негізсіз сақталып отырған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны