12.10.2009, 15:54 3293

Жыл басынан бері қоғамдық орындарда темекі шеккені үшін 4 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Жыл басынан бері қоғамдық орындарда темекі шеккені үшін 4 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Астана. 12 қазан. Kazakhstan Today - Жыл басынан бері қоғамдық орындарда темекі шеккені үшін 4 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Бұл нормалар жаңадан шыққан нормалар емес екенін атап өту қажет. Жекелеген қоғамдық орындар мен көлікте темекі шегуге тыйым салуды бұзғаны үшін санкциялар 2001 жылы қабылданған болатын. Темекі шегуге шектеуді бақылау ІІМ-ге Икімшілік құқық бұзушылық туралы кодексімен жүктелген.

Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеген кодекспен Халықтың денсаулығы туралы темекі шегу орындарының тізімі кеңейтілген, бұл құқық бұзушылықтар үшін санкцияларды қатаңдатады",- деді Қ.Жұманов.

Оның айтуынша, жекелеген қоғамдық орындарда (білім беру, денсаулық сақтау орындарында, кәмелетке толмағандар демалатын орындарда, театрларда, мұражайларда, цирктерде, спорт залдарында, спорт ареналарында және тағы басқа орындарда) темекі шеккені үшін жыл басынан бері 4 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды (санкция - 1 айлық есептік көрсеткіш, қайталанған жағдайда екіден беске дейін айлық есептік көрсеткіш).

"Сонымен бірге көлікте белгіленбеген орындарда темекі шеккені үшін 6 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке (ескерту немесе 1/3 АЕК) тартылды.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда",- деді ІІМ өкілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны