09.11.2021, 20:09 41411

Жоғарғы Сот төрағасы ҚР Президентін сот жүйесін жаңғырту жұмыстары туралы хабардар етті

Асанов Президентке дау-жанжалдарды шешудің баламалы тәсілдерін енгізу туралы баяндады.

НҰР-СҰЛТАН. 9 ҚАРАША - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Президентіне сот жүйесін жаңғырту жұмыстары жөнінде мәлімет берілді.

Жоғарғы сот төрағасы Мемлекет басшысына Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс күшіне енгеннен кейінгі 4 ай ішіндегі нәтижелер туралы айтты. Оның айтуынша, жаңа кодекстің енгізілуі шенеуніктердің ойлау жүйесін өзгертуге және тәртібін күшейтуге бағытталған.

Сонымен қатар, Жақып Асанов Президентке дау-жанжалдарды шешудің баламалы тәсілдерін енгізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа жобаларды ілгерілету, біркелкі сот тәжірибесін және қылмыстық процесте тараптардың шынайы жарысын қамтамасыз ету жөнінде баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіліп жатқан реформалардың заң үстемдігін толық қамтамасыз етуі, азаматтардың құқықтарының қорғалу деңгейінің артуына септігін тигізуі және биліктің сот тармағына деген қоғамның сенімін күшейтуі қажет екенін атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны