19.01.2012, 11:28 3208

Жоғарғы соттың екі судьясы басқа қызметке ауысуына байланысты қызметтерінен босатылды

Сенат қаулысымен Мұсабек Илімбеков пен Жолымбет Байішев ҚР Жоғарғы сотының судьялары қызметінен босатылып, Еуразия экономикалық қауымдастығының судьялары болып тағайындалды.

Астана. 19-қаңтар. Kazakhstan Today - Жоғарғы соттың екі судьясы басқа қызметке ауысуына байланысты қызметтерінен босатылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, сенат қаулысымен Мұсабек Илімбеков пен Жолымбет Байішев ҚР Жоғарғы сотының судьялары қызметінен босатылып, Еуразия экономикалық қауымдастығының судьялары болып тағайындалды.

"Еуразия экономикалық қауымдастығы Парламентаралық ассамблеясының қаулысымен Илімбеков пен Байішев Еуразия экономикалық қауымдастығының судьялары болып тағайындалды. Осыған байланысты олар Жоғарғы сот судьясы қызметтерінен босатылуы тиіс. Оларға еңбек жолында іске сәт тілейміз!", - деді Сенат спикері Қайрат Мәми.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны