30.06.2008, 18:14 7071

Жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін белгіленетін жазаны қатайту жолдағы апат санын 15 пайызға дейін азайтуға мүмкіндік береді - ҚР ІІМ

Жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін белгіленетін жазаны қатайту жолдағы апат санын 15 пайызға дейін азайтуға мүмкіндік береді - ҚР ІІМ

Астана. 30 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Жол қозғалысы ережесін бұзғанға белгіленетін жазаны қатайтатын түзетулер жолдағы апат санын 15 пайызға дейін азайтуға мүмкіндік береді. Бұл туралы бүгін брифингте Қазақстанның Ішкі істер министрлігінің ақпарат және қоғаммен байланыс орталығының бастығы Бағдат Қожахметов мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Жаңа заң күшіне енгеннен кейін мамандардың болжамдарына сүйенсек, апат көлемі 15 пайызға дейін төмендейді. Егер тікелей көрсеткіштер жайлы айтар болсақ, шаралардың күшейтілуінің арқасында біз жыл сайын мыңдаған қазақстандықтардың өмірін, ал одан да көп адамдардың денсаулығын аман сақтай аламыз", - деді Б. Қожахметов.

ІІМ өкілінің айтуынша, біздің еліміздегі 100 мың тұрғынға 28 көлік апатынан қайтыс болған келеді екен. "Мысалы, Еуропа елдерінде бұл көрсеткіш 6 мен 14 аралығында", - деп ескертті ол.

"Жол бойында халықтың белсенді бөлігі мен балалардың айтарлықтай бөлігі жан тапсыруда. Тек былтырдың өзінде біз көлік апаттарының салдарынан 250 баладан айырылдық. Бір жарым мыңнан астамы дене жарақаттарын алды", - деп хабарлады Б. Қожахметов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны