03.05.2007, 18:55 2732

Жол полициясының 50 астам қызметкері қылмысты жасырып қалғандары үшін жауапқа тартылды - Бас прокуратура

АСТАНА. 3 - мамыр. Kazakhstan Today. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының ұсынысы бойынша ішкі істер органдарының 50 астам қызметкері қылмысты есепке алудан жасырып қалғандары үшін жауапқа тартылды. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Бір ай бұрын Бас прокуратура Ішкі істер министрлігінің атына жол полициясының іс-қызметіндегі заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс жолдаған болатын. Ұсыныс қаралған, және де ішкі істер министрінің ресми жауабында, тек қылмысты есепке алудан жасырып қалу дерегі бойынша ішкі істер органдарының 50 астам қызметкері жауапқа тартылғандығы хабарланған",- деді С. Нұрпейісов.

Атап айтқанда, Бас прокуратураның ресми өкілінің ақпараттарына сүйенсек, аймақтық ішкі істер департаменттерінің 52 қызметкері, соның ішінде 16 басшы тәртіптік жауапқа тартылған. "Сонымен қатар, Астана мен Алматыда, Алматы және Қарағанды облыстарында жол-көлік оқиғаларын тергеу барысында заң бұзушылықтарға жол берген бірқатар анықтаушылар қызметтерінен босатылған немесе қызметіне толық сәйкеспеу туралы ескерту жасалған",- деп қосты С. Нұрпейісов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны