13.10.2009, 17:44 3285

Жұмыс сапарымен Алматы облысына келген мемлекет басшысы Алматыдағы жоғары оқу орындарында болды

Жұмыс сапарымен Алматы облысына келген мемлекет басшысы Алматыдағы жоғары оқу орындарында болды

Алматы. 13 қазан. Kazakhstan Today - Жұмыс сапарымен кеше Алматы облысына келген мемлекет басшысы Алматыдағы жоғары оқу орындарында болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, алдымен президент Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 75 жылдық мерейтойына орай өткен бірқатар салтанатты шараларға қатысты.

Ил-Фараби атындағы ҚазҰУ-нде 20 мыңдай студент, магистрант және РһD докторанттары оқиды. Соның ішінде 1000 студент алыс және таяу шетелдерден келіп білім алуда. Дайындық 14 факультеттің 102 кафедрасында 180-нен астам мамандық бойынша жүзеге асырылады. Оқытушылық-профессорлық құрам 2000-нан астам маманнан тұрады. Оның 1000-нан астамы ғылым докторлары мен кандидаттары, профессорлар мен доценттер.

Нұрсұлтан Назарбаев әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің химия факультетінің 27 мың шаршы метрлік жаңа оқу корпусын ашты.

Одан соң Елбасы университет факультеттері мен ғылыми-зертеу орталықтары ұйымдастырған көрмелерді аралады.

Ил-Фараби атындағы ҚазҰУ-інің оқытушылық-профессорлық құрамы және студенттерімен кездескен Нұрсұлтан Назарбаев олардың алдында "Қазақстан дағдарыстан кейінгі кезеңде: болашаққа қарай интеллектуалды серпін" атты тақырыпта дәріс оқыды.

"Ил-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті өзінің қалыптасуы мен дамуының соқтықпалы-соқпақсыз жолынан өтті. Бұдан 75 жыл бұрын ол бар болғаны жергілікті оқу орнының бірі ғана болатын. Алғашқы құрамдағы 50-ақ шәкіртке 25 оқытушы ғана сабақ берді. Ғасырдың үш ширегіндей уақытта университет тәуелсіз еліміздің білім беретін ең жетекші оқу орнына айналды", - деді өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев.

Президенттің сөйлеген сөзі интерактивті режіммен Қазақстанның ірі-ірі жоғарғы оқу орындарында да берілді.

Дәрістен кейін студенттер мемлекет басшысына өз сауалдарын тікелей қойып, бірден жауап алу мүмкіндігіне ие болды.

Одан соң Елбасы Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық университетіне барды.

Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-нде 200-дей ғылым докторы, 500-ден астам ғылым кандидаты еңбек етеді. Оқу орнының білім беру қызметі бакалавриат деңгейіндегі - 41, магистранттық деңгейдегі 37 мамандық бойынша және аспирантурада 27 мамандық бойынша студенттер мен ізденушілерді даярлайды.

Нұрсұлтан Назарбаев интерактивті режімде космостық бағалау, нанотехнология, машина жасау және кванттық физика зертханаларының жұмысымен танысты.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы жоғарғы техникалық оқу орнының студенттері және оқытушылық-профессорлық құрамымен жүздесіп, оларды Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-нің де таяп келе жатқан 75 жылдық мерейтойымен қызу құттықтады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны