27.03.2012, 13:19 3435

"Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасы аясында моноқалаларда жаңа жұмыс орындары ашылады

Моноқалаларда әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және жастар тәжірибесін ұйымдастыру есебінен тұрғындарды жұмысқа орналастыруға көмектесу бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады, деп хабарлады Экономикалық даму және сауда министрлігінің баспасөз қызметінен.

Астана. 27-наурыз. Kazakhstan Today - "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасы аясында моноқалаларда жаңа жұмыс орындары ашылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Моноқалаларда әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және жастар тәжірибесін ұйымдастыру есебінен тұрғындарды жұмысқа орналастыруға көмектесу бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады, деп хабарлады Экономикалық даму және сауда министрлігінің баспасөз қызметінен.

"Моноқалалардағы еңбек ресурстарының артықтығы мен монобағыттарды есепке ала отырып, қалаларда оңтайлы жұмыспен қамту құрылымын қалыптастыруға және жаңа құрылатын өндірістерге бағыттала отырып, еңбек ресурстарын экономикалық өсімі бар облыстарға шоғырландыруға баса назар бөлінетін болады", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасы аясында кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру ісі Индустрияландыру картасының ірі инвестициялық жобаларын жүзеге асыруға бағытталатын болады.

Сонымен қатар, құрылып жатқан Аймақаралық біліктілік арттыру орталықтарында (Атырау, Өскемен, Екібастұз, Шымкент қалаларында ашылатын) моноқалалардағы жастарды оқыту үшін квоталар көзделген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны