22.12.2011, 12:00 3242

Жұмыстан шығарылған маңғыстаулық мұнайшыларға бір апта ішінде жұмысқа орналасу нұсқалары ұсынылды

ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Шүкеев жұмыстан шығарылған маңғыстаулық мұнайшыларға бір апта ішінде жұмысқа орналасу нұсқаларын қарауды ұсынды, деп хабарлайды ҚазТаг ақпараттық агенттігі. Бұл нұсқаларды Жаңаөзендегі оқиғаларға байланысты арнайы құрылған үкімет комиссиясы ұсынып отыр, деп Маңғыстау облысының баспасөз қызметінен хабарлады.

Ақтау. 22желтоқсан. Kazakhstan Today - Жұмыстан шығарылған маңғыстаулық мұнайшыларға бір апта ішінде жұмысқа орналасу нұсқалары ұсынылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Шүкеев жұмыстан шығарылған маңғыстаулық мұнайшыларға бір апта ішінде жұмысқа орналасу нұсқаларын қарауды ұсынды, деп хабарлайды ҚазТаг ақпараттық агенттігі. Бұл нұсқаларды Жаңаөзендегі оқиғаларға байланысты арнайы құрылған үкімет комиссиясы ұсынып отыр, деп Маңғыстау облысының баспасөз қызметінен хабарлады.

"Ө. Шүкеев мұнайшыларға бір апта ішінде комиссия ұсынысын қарауды ұсынды (жұмыстан шығарылғандарды жұмысқа орналастыру бойынша өздерінің нұсқаларын енгізуді және оларды ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілімен және "ҚазМұнайГаз" АҚ өкілімен талқылау ұсынылды. Осыдан кейін тағы бір кездесу болып, мұнайшыларды жұмысқа орналастыру туралы шешім қабылданады", - делінген таратылған хабарда.

Баспасөз қызметі сейсенбі күні Ақтауда премьер-министрдің бірінші орынбасары Маңғыстау облысы орталығында жиналған мұнайгаз кәсіпорындарынан жұмыстан шығарылған ақтаулық мұнайшылардың өкілдерімен кездесуі болғанын еске салады.

Ө. Шүкеевтің айтуынша, облыстың көптеген сервистік компаниялары, сондай-ақ еліміздің басқа өңірлеріндегі 20 кәсіпорын келісілген шартпенен ереуілдеушілерді жұмысқа алуды қарастыруға дайын.

"Оған дейін қала басшылығы оларға ақылы қоғамдық жұмыстармен айналысуға мүмкіндік береді. Одан басқа мұнай және газ министрлігінің басшылығына ақтаулық мұнайшыларды жұмысқа орналастырудың басқа да нұсқаларын қарастыру тапсырылды", - делінген хабарда.

Өз кезегінде мұнайшылар үкімет комиссиясының мүшелеріне өздерінің талаптары мен проблемаларын жеткізді.

"Олар комиссияның ұсыныстарын қарауға дайын екендігін атап көрсетіп, бірақ өздерінің бұзушылықпен жүзеге асырылған жұмыстан шығару процедурасын қайта қарауды талап етті", - делінген хабарда.

Еске салсақ, Жаңаөзендегі жаппай тәртіпсіздіктер 16 желтоқсанда бұрқ ете қалды. Соңғы мәліметтер бойынша Маңғыстау облысындағы Шетпе стансасы мен Жаңаөзенде 15 адам қаза болды, 110 адам жарақат алды, әкімшілік жауапкершілікке 41 адам тартылды.

ҚР президентінің жарлығымен Жаңаөзенде 2012 жылғы 5 қаңтарға дейін төтенше жағдай жарияланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны