01.12.2020, 22:37 3870

Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше елдердің қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы онлайн-форматта өтті

Қорғаныс министрлерінің кеңесі әскери саясат, әскери құрылыс және әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы Өзара іс-қимылды үйлестіру мәселелері жөніндегі ұйымның ресми жарғылық консультативтік және атқарушы органы болып табылады.

Алматы. 1 желтоқсан. Kazakhstan Today - Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше елдердің қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы онлайн-форматта өтті.

2020 жылдың 1 желтоқсанында ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің қорғаныс ведомствалары басшыларының кезекті отырысы бейне конференция байланысы режимінде өтті.

Қорғаныс министрлерінің кеңесі әскери саясат, әскери құрылыс және әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы Өзара іс-қимылды үйлестіру мәселелері жөніндегі ұйымның ресми жарғылық консультативтік және атқарушы органы болып табылады.

Аталған кеңеске Қазақстан Республикасының атынан қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев қатысты.

Қорғаныс ведомстволарының басшылары әскери қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатерлерге қатысты пікір алмасты, әскери шеңбердегі ҰҚШҰ қызметінің басым бағыттарын келісті.

Отырыс барысында материалдық-техникалық, медициналық қамтамасыз ету, бітімгершілік қызмет, кадрлар даярлығын, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру, сондай-ақ ҰҚШҰ ұжымдық күштерінің бірлескен жауынгерлік даярлық іс-шаралары қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

"Оқу-жаттығу сценарийіне қазіргі қарулы қақтығыстардан алынған сабақтарды қосу қажет деп санаймыз. Біз қауіп-қатерлерге ұжымдық тойтарыс беруге дайын екенімізді көрсетіп, жауынгерлік іс - қимылдарды жүргізудің жаңа әдістері мен тәсілдерін пысықтауға тиіспіз",- деп генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев атап өтті.

Сонымен қатар, тараптар 2021-2025 жылдарға арналған Ұйымға мүше мемлекеттердің әскери ынтымақтастықты дамыту жоспарын талқылады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны