17.09.2025, 10:12 92791

Алатау полигонындағы өрт

Өртті сөндіру жұмыстары қиындап тұр. Себебі өрт көп аумақты шарпыған, жердің 10 метр тереңдігінде әлі де бықсыған шоқтар бар, ал желдің бағытының өзгеруі жалынды қайта күшейтіп жібереді, деп хабарлайды Inform.kz.

Төтенше жағдайлар министрі, генерал-майор Шыңғыс Әріновтің тапсырмасы бойынша кеше кешке өрт орнына Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Ерлан Төрегелдиев барды.


Іс-қимылдарды үйлестіру оқиға орнында да, ТЖМ Командалық орталығынан да жүргізіліп жатыр.

Полигонда өртті сөндіру жұмыстарын тәулік бойы жүзеге асыратын жедел штаб жұмысқа кіріскен. Өртті сөндірудің 6 учаскесі құрылды.

Өрт орнында "Терең-Қара" өзенінен ашық сукөзіне автомобиль-сорғы жеңін орнату арқылы магистральдық желі тартылып, суды үздіксіз жеткізу ұйымдастырылды. Бұл жұмыстарға 6 техника: бір автомобиль-сорғы жеңі және 5 автоцистерна жұмылдырылды. Өртті сөндіруге 11 өрт оқпаны және 1 тасымалды лафетті оқпан берілді.


Өртті сөндіру жұмыстары өрт жүктемесімен, 10 метр тереңдіктегі бықсумен және жел бағытының өзгеруімен күрделеніп отыр. Өртті сөндіруге Алматы, Шымкент қалалары, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Жетісу және Абай облыстарының ТЖД күштері мен құралдары, сондай-ақ ҚР ТЖМ Мартбек Мамраев атындағы 52859 және Қасым Қайсенов атындағы 68303 әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері қосымша жұмылдырылды. Барлығы 200-ден астам жеке құрам мен 90-нан астам техника жұмыс істеп жатыр",- делінген хабарламада.


 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны