30.03.2026, 11:39 306

Алматы зообағында амур жолбарысының үш күшігі дүниеге келді

Алматы зообағында амур жолбарысының үш күшігі дүниеге келді
Сурет: Depositphotos
Алматы зообағында қуанышты жаңалық - Бентли мен Ярга есімді амур жолбарыстары үш күшікті болды.

Зообақ мәліметінше, күшіктер 11 қаңтарда дүниеге келген. Алғашқы айларын олар анасымен бірге жабық вольерде өткізген.

Қазір күшіктерге шамамен 2,5 ай. Олардың жағдайы жақсы, әлі де ана сүтімен қоректенеді, бірақ ет жей де бастаған.

Сондай-ақ, күшіктер алғаш рет үлкен вольерге шығарылып, айналаны белсенді түрде зерттей бастағаны атап өтілді.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны