31.03.2026, 10:24 361

Алматы мемлекеттік табиғи қорығында аюлардың ерте оянуы тіркелді

Алматы мемлекеттік табиғи қорығында аюлардың ерте оянуы тіркелді
Сурет: Depositphotos
Алматы мемлекеттік табиғи қорығы аумағында қоңыр аюлар қысқы ұйқысынан әдеттегіден ертерек ояна бастады.

Фототұзақ деректеріне сәйкес, 2026 жылы ұйқыдан кейінгі алғашқы көрініс 13 наурызда тіркелген. Әдетте өңірде аюлар ақпанның соңы мен наурыздың ортасы аралығында оянады.

Мамандардың айтуынша, қоңыр аюлар қорықтағы барлық ірі шатқалдарда, теңіз деңгейінен 1200-ден 3500 метрге дейінгі биіктікте мекендейді. Олар аралас жапырақты және қылқанжапырақты ормандарда, сондай-ақ субальпілік және альпілік белдеулерде кездеседі.

Көктемде қар қалың болғандықтан, аюлар көбіне оңтүстік беткейлерде қозғалады. Онда қар тез еріп, қорек табу жеңілдейді.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны