17.07.2013, 10:37 2482

200 млн еуроның картиналары пешке жанып күл болды

Роттердамда Kunsthal мұражайын тонаған күдіктілердің бірінің анасы ұлы ұрлап әкелген айғақтардың бәрін пешке салып жағып жібергенін мәлім етті, деп хабарлайды Lenta.ru Румыния құқық қорғау органдарына сілтеме жасап.

Астана. 17-шілде. Kazakhstan Today - 200 млн еуроның картиналары пешке жанып күл болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Роттердамда Kunsthal мұражайын тонаған күдіктілердің бірінің анасы ұлы ұрлап әкелген айғақтардың бәрін пешке салып жағып жібергенін мәлім етті, деп хабарлайды Lenta.ru Румыния құқық қорғау органдарына сілтеме жасап.

Күдікті Раду Догарудың анасы Ольга Догарудың тергеушілерге берген түсініктемесіне сәйкес, 2013 жылдың қаңтарында ұлы қамауға алынғаннан кейін ол баласының болашағына алаңдап, барлық айғақты заттардың көзін жоюға бел буған. Алдымен ол жеті ұрланған картина салынған шабаданды Румынияның Караклиу елді мекеніндегі зиратқа көміп тастаған. Кейін, бір айдан соң ауылда тінту жұмыстары басталды дегенді естіп, шабаданды қайра қазып алған әйел ішіндегісін тегіс пешке салып жағып жіберіпті-міс.

Қазір сарапшылар Ольга Догарудың үйінде пеште қалған күлді тексеріп жатыр. Ұрланған картиналардың тағдыры тек сараптама нәтижесі жарияланғаннан кейін белгілі болмақ.

Ийгілі нидерландтық Kunsthal мұражайындағы атышулы ұрлық 2012 жылдың 16 қазанында сағат таңғы үш шамасында орын алған болатын. Бейтаныс адамдар апатты есік арқылы ғимаратқа еніп, бар-жоғы екі минуттың ішінде жеті картинаны жымқырып үлгерген. Олардың қолдарына Пикассо, Гоген, Матисс, Люсьен Фрейд, Мейер де Хаанның еңбектері мен Клода Моненің екі картинасы іліккен. Аталмыш өнер туындылары көрмеге галереяның 20 жылдығына орай шығарылған екен.

Қолды болған картиналардың жалпы құны 100-200 млн еуроға бағаланып отыр.

Аталған қылмыстық іс бойынша бес адам күдікті деп танылды. Олардың бәрі әзірге өз айыптарын мойындаған жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны