24.05.2013, 12:16 3589

Барак Обама Гуантанамодағы түрмені жабатынын мәлімдеді

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, АҚШ Президенті Барак Обама Ұлттық қауіпсіздік институтында студенттердің алдында сөз сөйледі. Негізгі мәселе Гуантанамодағы лагерьді жабу, пилотсыз ұшу аппараттарының қолданылуы мен әлемдік лаңкестікпен күрес тақырыптарына арналды.

Астана. 24-мамыр. Kazakhstan Today - Барак Обама Гуантанамодағы түрмені жабатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, АҚШ Президенті Барак Обама Ұлттық қауіпсіздік институтында студенттердің алдында сөз сөйледі. Негізгі мәселе Гуантанамодағы лагерьді жабу, пилотсыз ұшу аппараттарының қолданылуы мен әлемдік лаңкестікпен күрес тақырыптарына арналды.

"Мен сотталғандарды Йеменге ауыстырудан мораторийді алып тастадым, біз олардың істерін жеке-жеке қарай аламыз. Айып тағылмаған қамаудағы адамдарды біз мүмкіндігінше өзге елдерге жібереміз. Қажет болған жағдайда, лаңкестерді өз сотымызда соттайтын боламыз", - деді Обама.

АҚШ президенті қазір Куба аумағындағы Гуантанамо лагерінде қамауда жатқан адамдарды соттау үшін ел ішінде орын табу жөнінде Қорғаныс министріліге тапсырма бергенін мәлімдеді.

Барак Обама, сондай-ақ, лаңкестердің көзін жою бойынша пилотсыз ұшу аппараттарын қолдануға шектеу енгізу туралы мәлімдеді.

"Мұндай аппараттар соққы жасау салдарынан бірде-бір бейбіт тұрғын зардап шекпейтініне сенімді болған кезде ғана іске қосылатын болады", - деді АҚШ президенті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны