13.08.2013, 15:23 123207

Бразилия түрмесінен он шақты жеткіншек қашып кеткен

Би-би-си мәлімдегендей, жергілікті полиция қашқандардың шамамен 17-ін ұстаған. Жасөспірімдер матрастарды өртеп, түзеу мекемесінің директорын кепілге алған.

Алматы. 13-тамыз. Kazakhstan Today - Бразилияның Сан-Паулу қаласындағы түрмеде жасөспірімдер бүлік шығарып алпыс шақты жасөспірім қашып кеткен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Би-би-си мәлімдегендей, жергілікті полиция қашқандардың шамамен 17-ін ұстаған.

Жасөспірімдер матрастарды өртеп, түзеу мекемесінің директорын кепілге алған.

Түрме директоры бас жарақатымен ауруханаға түскен. Сонымен қатар, жиырма шақты қызметкер жарақат алды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны